"Қымбатты алматылықтар, қала қонақтары, Сарыарқа кинотеатрының артында сағат 10-да бейбіт шеру болады!" деп дыбыс зорайтқышпен елді шақырған ерікті соңғы онжылдықта алғаш рет санкцияланған митингке үгіттеуден басталған жиынға бірнеше жүздеген азаматтар қатысты. "Полиция қызметкерлерінен қорықпай бейбіт шеруге өтіңіздер" деп, қолдарына жаднама ұстатып, азаматтық үн білдіруге "үндеуде". Жиында көптеген тақырып қозғалды. Азаматтық қоғам белсенділерінің жас-жасамысы 20-дан астам спикер сөз сөйлеп, пікір білдірді. Біразы сөз басында мұндай рұқсат етілген митинг көрмегеніне көп болғанын айтып, "құттықтауларын" жолдап жатты. Белгілі саясаткерлер Рысбек Сәрсенбай, Хасен Қожахмет, Ермұрат Бапи, Маржан Аспандияровалар мен бірге "Шындықтан қашып құтыла алмайсың" ұранының авторы Ася Тулесова, "Бейбіт шеру үшін, өзіміздің дауысымызды көтеру үшін бізге ешкімнің рұхсаты керек емес!" деген Әсем Жәпішева бастаған жастардың үні жарқын шықты. Жыл басынан бері санкцияланбаған жиындардан көз ашпаған Қазақстан үшін тың жаңалық "рұқсат етілген шеруде" кімдер нендей мәселелерді көтерді? Айтылған ұсыныстар мен қойылған талаптар соңы не болмақ, митингтен билік өзіне қандайда бір міндеттемелер ала ма? Бірақ соңғы сұрақ алдағы уақыттың еншісінде.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Бесеудің соты: Қазақстандағы жаңа саяси репрессияның көрінісі
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?
ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ: Қазақ құқығын бағалау тарихы туралы
«Қазақша сөйле!»: Курьер тұтынушыға дөрекілік танытпағанын айтты. Magnum’ның бойкот бастамасынан кейінгі мәлімдемесі