«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры, ҚР Жазушылар одағы Оспан батырдың 120 жылдық мерей тойына арналған «Елім деген Ер Оспан» атты жыр мүшәйрасына бәйге жариялады. 

 

Биыл XX ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт азаттық қозғалысының қолбасшысы Оспан батыр  Сіләмұлының (1899-1951) туғанына 120 жыл толды. Осыған орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры, ҚР Жазушылар одағымен бірлесіп, даңықты батырдың 120 жылдығына арнап халықаралық деңгейде ауқымды шаралар ұйымдастырып отыр. Соның бірі – «Елім деген Ер Оспан» атты жыр мүшәйрасы.

Бұл мүшәйра Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау, ел Тәуелсіздігін ұлықтау, елім деген ерен тұлғаларды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Мүшәйраға 40 жасқа дейінгі ақындар қатыса алады. Бұрын еш жерде жарияланбаған екі өлең қабылданады. Оның бірі Оспан батырға арналған, екіншісі еркін тақырыпта болуы шарт.

Әр өлең 15 шумақтан аспауы керек. А4 форматта компьютерде теріп, бiр данасын (электронды түрде) ұйымдастырушыларға жолдайды. Мекенжайы мен телефоны жазылуытиіс.

Мүшәйра жабық түрде өтеді. Үміткерлердің туындыларын арнайы қазылар алқасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді.

Ұйымдастыру алқасы мүшәйраға қатысушылардың өлеңдерін үстіміздегі жылдың 15 шілдеге дейін қабылдайды. Мүшәйра жеңімпарзары қыркүиек айында марапатталады.

Тапсырылған өлеңдер қайтарылмайды.

І орын – біреу. 500 мың,

ІІ орын – екеу. 300 мыңнан

ІІІ орын – үшеу. 200 мыңнан

Мүшәйрада ынталандыру сыйлықтары да қарастырылған.

Ұйымдастырушылар:

ҚР Жазушылар одағы, «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры.

Байланыс:

E-mail: erjanibek.2007@gmail.com

Mob.: +7 707 7900097

"The Qazaq Times"