Киiз үй осыдан екi жарым мың жыл бұрын пайда болған нәрсе болса, содан бергi екi жарым мың жылда қазақ өзiнiң тұрмыс-тiршiлiгiн, салт-санасын осы үймен байланыстырып келе жатыр. Киiз үй – қазақ үшiн баспана ғана емес, үлкен философиялық нысан. Терең дүниетанымдық көрсеткiш. Оның iшкi құрылысы, сыртқы көрiнiсi, пропорциясы, оны кеңiстiкке орналастыру әдiсi... – бәрi де, расында, терең философияның жемiсi. Бұл тұрғысында киiз үй – шын мәнiнде әлi де зерттелмей келе жатқан тақырып. Мысалы, оның кейбiр өлшемдерi жұлдызнамаларға сәйкестендiрiп жасалған деген мағлұмат бар. Тiптi үйдiң орналастырылуы күннiң шығысы мен батысын айқындап, кiсiге бағыт көрсететiндей тәртiппен жасалады. Демек, киiз үй – расында да, әншейiн баспана емес, бүкiл қазақ халқының болмыс-бiтiмiн, салт-санасын көрсететiн фактор. Қазақтың «шаңырағың биiк болсын, керегең кең болсын, босағаң берiк болсын» деп тiлек айтатыны – соның белгiсi.

“The Qazaq Times”