Соңғы 20 жылдағы Қазақстан халқының өсу қарқыны қандай?
Қазақстанда 1999 жылы қазақтар саны 7 971 618 (жалпы халықтың 53,3%) болған. 2018 жылғы есеп бойынша, бұл керсеткіш шамамен 4 миллион адамға өсіп, 12 250 305 (67,5%) жеткен. Қазақ халқының өсуі мемлекет құрушы ұлт болғандықтан түсінікті дүние және табиғи процесс.
1999 жылғы статистика бойынша, Қазақстанда орыс диаспорасының саны 4 489 705 адам болған. Олар сол уақытта жалпы халықтың 30 пайызын құраған. Бұл көрсеткіш 2018 жылға қарай 20,1 пайызға төмендеп, 3 588 686 адамға жеткен. Қазіргі уақытта орыс диаспорасы жалпы халықтың 19, 8 пайызын құрайды.
Орыстармен салыстырғанда соңғы 20 жылда өзбектер саны керсінше өскен. 1999 статистика бойынша, өзбек этносының саны 369 816 адам болған. 2018 жылы бұл көрсеткіш 576 817 адамға жеткен.
2018 есеп бойынша, Қазақстандағы ұйғырлар саны 265 497 адам. 1999 жылы бұл көрсеткіш 210 062 болған. Дәл осы жыл аралығында кәрсітер саны 99 684 – тен 108 177 – ге өскен. Ал татарлар саны керсінше, 249 357 адамнан 202 121 адамға азайған. Сол сияқты соңғы 20 жылда украиндер саны да айтарлықтай кеміген. 1999 жылы ел аумағында 549 494 украин болса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 277 514 болған.