Трамп кеше (23 ақпанда) АҚШ-тағы ең ірі өндірістік компаниясының басшыларымен кездескен кезде, АҚШ-тың жалпы экономикалық сауда тапшылығына ұшырап отырғанын айтып "мұң шақты". Сауда тапшылығынан құтылудың жолдарын табу керектігін тапсырды.
АҚШ президенті Доналд Трамп сауда тапшылығын көріп отырмыз деген байбаламы мен АҚШ Экономикалық сараптау бюросының жариялаған есептері бірдей емес. Бұл қортынды да көрсетілген он ірі сауда серіктесі, Трамптың жер-көктен таппай жүрген, сауда тапшылығын шешетін экономикалық серіктестері бола алады. Ондағы мәлімет бойынша Қытай Гонконгі АҚШ-тың ең үлкен сауда серігі болып табылады. Одан кейінгі орынға Нидерланд, Австралия, Бразилия және Сингапурлар жайғасқан.
Ал, АҚШ-тың тауары Гонконг арқылы Қытайдың ішкі құрлығына жөнелтілетіні тағы бар. Бұған Қытай экономикасы, тауар өндірісінің жауабы ретінде, Қытайдан Гонконгті басып, АҚШ-қа апарылатын тауар айналымы Трамптың таққа отырмай жатып Қытайға ұстаған позициясына себеп болғаны айтпаса да түсінікті. Айталық, бір ғана 2015 жылы 334,1 млрд АҚШ долларындық тауар, аталмыш сауда тапшылығын тудырмаса да, Құрама Штаттың экономикасына толқу бермей қоймады.
Өзге мемлекеттер мен экономикалық аймақтарға қарағанда, АҚШ-тың ең негізгі пайда нарығы қызмет өтеу саласынан келеді. Соның ішінде, банк, туризм және көңіл ашу салалары көш бастайды. Айталық, Канадамен сауда байланыста 2015 жылда 15,5 млрд АҚШ долларындық сауда айырбасының 6,2 млрд долларын қызмет өтеу саласы арқылы құраған. Ұлыбританиямен сауда қатынасы да осыған ұқсас, алайда салыстырмалы түрде төмен соманы ұстаған.
Осы мәліметтерден белгілі болғандай, егер АҰШ қызмет өтеу саласының жоғары сапасы болмаса, АҚШ сауда нарығының қай жақтан да кемшін тартары анық болып отыр. 2016 жылы АҚШ-тың жалпы пайда нарығы 734,3 млрд долларды құрап, сауда-саттықтың кіргізген пайда нарығы 502,3 млрд долларды иеледі. Бұл Трампты байбаламға салатындай көрсеткіш емес. Ал АҚШ экономикасын дамытуды қолға алмақ болған Трамптың, өре тұрып, сауда саттықтан пайда нарығымыз құлдырауда деп жатуы, оның қанай да бір қадамдары үшін тудырған дақпырты болары анық.
“The Qazaq Times”