Коронавирус пандемиясының өршуінен Америка экономикасы рецессияға ұшырауы мүмкін. Бұл туралы Ақ үйде өткен брифингте АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.
16 наурызда Американың негізгі индекстері оннан астам пайызға төмендеп кеткен. Bloomberg сайтында айтылғандай, бұл соңғы 30 жылдағы ең ірі құлдыраулардың бірі.
Ақ үй басшысы: «Коронавирустың кеңінен етек жаюы экономиканың құлдырауына әкелуі мүмкін. Бірақ біз бұл жағдайды вируспен күрес жағынан қарастырып отырмыз. Біз кеселдің жолын кескен кезде қор нарығында сұраныс едәуір артады. Экономикада дәл сондай жағдай болады. Менің ойымша, індеттің таралуы тоқтап, бәрі аяқталған кезде керемет өсімнің куәсі боласыздар», — деді.
АҚШ билігі коронавирус шілде-тамыз аралығында аяқталады деген болжам жасап отыр. Бірақ бұл мерзім ұзаруы да мүмкін.
Соңғы деректер бойынша, АҚШ-та вирус жұқтырғандар 6 500-ден асып, 121 адам өлген. Ал әлемде 198 602 адам осы ауруға шалдығып, 7 988 адам қайтыс болған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі