Орталық Азия елдерінің алдына оңтүстік немесе солтүстік екеуінің біреуін таңда деген жалған таңдау қоюдың қажеті жоқ – деп мәлімдеді Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Сергей Лавров Орталық Азия елдеріне қатысты БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзінде: «Орталық Азия елдерінің алдына оңтүстік немесе солтүстік екеуінің біреуін таңда деген жалған таңдау қоюдың қажеті жоқ. Аймаққа барлық жақпен жан-жақты әріптестік орнату қажет және аталмыш елдердің ТМД, ЕАЭО, ШЫҰ шеңберіндегі міндеттемелерін құрметтеу керек» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Сергей Лавров Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Уашингтонға ресми іс-сапары қарсаңында АҚШ пен Орталық Азия елдеріне ескерту жасаған болатын. Онда ол: «Егер біздің америкалық әріптестеріміз біздің орталық азиялық достарымызбен кездесуінде экономика емес геосаясат тұрғысында келіссөдер жүргізетін болса, онда олардың барлығы бұның жақсылыққа апармайтынын көретін болады» -деп мәлімдеген.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды