Дүйсенбі – Доналд Трамптың алғашқы толық күндік жұмысының ресми басталған күні. Ақүйдегі шенділердің айтысына қарағанда, сол күні Трамп өз қызметін «Транс-Тынық мұхит серіктестік келісімінен» (TPP) бас тартудан бастаған. Бұл туралы “The New York Times” басылымында хабарланған болатын.
Естеріңізде болса, Трамп президент сайлауы қарсаңында "TPP келісімі америкалық жұмыскерлер үшін өте тиімсіз" деген болатын. Алайда, ол таққа отыра салысымен бірден мұндай шешімге келетінін ешкім де ойламаған. АҚШ Конгресі бұл шешімге әлі келісім бере қойған жоқ. Трамп үкіметі бір ауыздан TPP-дан бас тартуға шешім қабылдапты. Бұл қадамы оның уәдесін орындауға аса ниетті екенін анық білдіріп тұр. Оның енді АҚШ бәсекелестеріне агрессивті мінез танытатындығын анық аңғардық.
Қарбаласқа толы алғашқы жұмыс күніндегі Трамптың тағы бір маңызды бұйрығы – федералдық жалдамалы қызметкерлерді уақытша тоқтату туралы жарлығы. Бірақ, бұнда әскери қызметкерлер қамтылмаған. Шетелдегі активтерін жандандыру үшін, АҚШ-қа салық төлеуші жеке тұлғалардың қаржыларын ұстап қалып, «әйелдердің түсік тастауына» жұмсайтын Үкіметтік Емес Ұйымдарға жаңа шектеме қоймақ. Әдетте, Америкадағы екі партияның бейбіт билік алмасуынан кейін, мұндай шектеулерді алу мен жасау дәстүрге айналған. Айталық, Республикашылдар партиясы президент тағайындауынан кейін, жаңа шектемелер жасаса, Демократтар оны алып тастап жатады.
Шындап келгенде, Трамптың TPP-тан бас тартуы – он шақты жылдан бергі АҚШ экономикасындағы үлкен кері бұрылыс. Осы бірнеше жылда, екі партия басшылары сауда кедергілерін азайту үшін, әлемдегі кеңейтілген сауда одақтарымен байланыс орнатты. Президенттікке кандидат кезінде Обаманы қамтыған барлық президент мұндай сауда келісімдерін сынап-мінеп келді. Бірақ, Ақүйдің ішіне кіргеннен кейін оның бәрі сауда келісімін көбейтпесе, азайтқан емес.
Ал, Трамп TPP-тан бас тарту құжатына қол қойған кезде: «Біз бұл туралы көп ақылдастық» деп қана айтты. Оның айтуынша, сауда келісімдерінен бас тарту – америкалық жұмысшылар үшін тиімді.
Көмекшілерінің айтысына қарағанда, Трамптың қазір тез арада «Солтүстік Америка еркін сауда келісім» шараларын қабылдауға мүмкіндігі бар. Ол АҚШ-қа көршілес Канада мен Мексика басшыларымен келісім жасауды жоспарлап отыр. САЕСК болса 20 жылдан бері қарай АҚШ саудасындағы ең басты тірек болып келеді. Алайда ол туралы адамдардың пікірі екіге жіктеліп отыр. Сарапшылардың қарауынша, Солтүстік Америка еркін сауда келісімі жұмыссыздық пен жалақының қысқаруына әкеліп соғады.
Өткен жұмада Доналд Трамп президент тағайындау салтанатында «Америка бірінші» саясатын табанды жалғастыруға уәде еткен. Ол сөзінде: « Біз өз еліміздің шекарасын қорғауымыз, басқа елдердің бұзғыншылығынан сақтануымыз керек. Біздің заттарымызды өндіретін елдер компанияларымызды ұрлап, жұмыс орындарымызға нұқсан келтіруде. Бұларды қорғау – гүлденуіміздің ең басты шарты», – деп көрсеткен болатын.
Трамптың TPP-дан шығуға шешім жасауы, біз құр айғайға санап жүрген, оның көп уәделерінің іске асу мүмкіндігін жоғарылатты. Ендігі жерде, Азияға мүлде тоңтеріс қарап жатып алмаса да, азиялық елдермен сауда-экономикалық қатынастарын шектейтіні байқалды. Біздің ойымызша, Трамп бұл тебінмен кемінде 3-4 жыл тежеу шарасын жалғастырады. Алайда, одан кейін АҚШ экономикасының потенциалы тың қуат көзін қажет етеді.
"The Qazaq Times"