Дональд Трамп Мемлекет басшысы қызметінен кеткеннен кейінгі алғашқы мәлімдемесінде 2024 жылы өтетін президенттік сайлауда билік қайтадан республикалық партияға өтетініне сенім білдірді.
Ақ үйдің бұрынғы басшысы Орландода (Флорида штаты) өткен АҚШ консервативті топтарының конференциясында өзінің алдағы жоспарлары мен Байденнің саясаты туралы пікір білдірді. Бұл – республикалық партияның ең үлкен іс-шараларының бірі. Шарада партияның басымдықтары мен болашақ бағыты анықталады.
Трамп шамамен бір жарым сағат сөйлеп, мәлімдемесінің басым бөлігін Байденді сынауға арнады. Ол Байденді ел тарихындағы «Американы соңғы орынға қойған» ең нашар президент деп сипаттады. Экс-президент жаңа әкімшілікті көші-қон мәселесін бақылауды тоқтатып, бірнеше келіссөздердің күшін жойғаны үшін сынға алды. Сондай-ақ, Трамп өз әкімшілігінің алдын-ала жасаған пандемияға қарсы күрес жоспарын Байден тиімді пайдаланды және жаңа соғыстар бастады деп айыптады.
Президенттік қызметінен кеткеннен кейін бірінші рет мәлімдеме жасаған Трамп америкалық БАҚ-тың назарын аударды. Журналистердің жаңа партия құру туралы сауалына Трамп: «Бізде Республикалық партия бар және ол бұрын-соңды болмаған жеңіске жетеді. 2024 жылы сайлауда қайтадан көш бастайды», – деп жауап берді.
2024 жылы өтетін президенттік сайлау жөнінде Трамп: «Сол жылы Ақ үй республикалық партияның өкіліне өтеді. Демократтар жеңілісті көтере алады деп ойлаймын. Оның кім екені бәрімізге де қызық», – деді. Конференцияға дейін жүргізілген сауалнама бойынша қатысушылардың 68%-ы бұрынғы президенттің сайлауға қатысуына қолдау білдірсе, 55%-ы Трамп республикалық партия өкілдерін сайлауға ұсынса деп санайды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді