Гипертонияның жүрек ауруларын, инфаркт, инсульт, қант диабеті мен басқа да аурулардың пайда болуына әсер ететіні белгілі. Ал қан қысымын әртүрлі дәрі-дәрмектер арқылы төмендетуге болады. Бірақ бірін емдегенімен, ағзаның басқа мүшелеріне кері әсері болуы мүмкін. Сондықтан Medicaldaily.com. өзге әдістерді ұсынады.
- Салмағыңызды бақылауда ұстағаныңыз дұрыс. Денеңіздегі артық салмақтан құтылып, күделікті жаттығу жұмыстарын жасап жүрсеңіз, сіздің қан қысымыңыз да тұрақты болмақ. Майо емханасының дәрігерлерінің айтуынша, кем дегенде 4,5 кг-нан арылсаңыз, соның өзі сіздің өміріңізге үлкен әсер етеді.
- Күнделікті тұтынатын тұздың мөлшерін бақылауда ұстағаныңыз жөн. Себебі, бұл – адамның қан-қысымына әсер ететін маңызды фактор. Мамандар рациондарыңызға калиі көп тағамдарды қосқан дұрыс дейді. Себебі, калий тұздың қан қысымына тигізетін кері әсерін жояды.
- Кофеин қосылған азық-түліктің мөлшерін азайтыңыз (Мысалы, кофе, шоколад). Мүмкін болса, тіптен бас тартқан жөн.
- Стреске төзімді болуға тырысыңыз. Себебі, ашуға берілгіш адам ішімдікке, темекіге, т.б. зиянды нәрселерге құмар келеді. Стресс қан-қысымының жоғарылауына себепші болады. Мәселен тыныштандырғыш шай ішсеңіз, спортпен көп айналыссаңыз, жақсы ән тыңдасаңыз, стрестен құтылуға болады.
- Медитация – тұрақты қан-қысымын қалпында ұстап тұруға көмектесетін және стрестен құтылуға арналған бірден-бір әдіс. Сондай-ақ, ол – жүрек талмасы мен инсультты болдырмауға, ұйқыны қалпына келтіруге болатын тәсіл.
- Жеткілікті мөлшерде ұйықтаңыз. Егер адамдар түнгі ұйқыға тек қана 4-5 сағат арнайтын болса, ол да тұрақты қан қысымына кері әсерін тигізеді. Майо емханасының деректері бойынша, уақыт өте келе ұйқының жеткіліксіз болуынан адамның стреске төзімділігі төмендейді. Ал ол өз кезегінде гипертонияның пайда болуына әсер етеді.
“The Qazaq Times”