Қазақстанда банктердің қарыз портфелінің сапасы нашарлап жатыр. Мұндай пікірді "Казкоммерц Секьюритиз" сарапшысы Динара Тәңірбергенова айтып отыр, деп хабарлайды LS.

Оның сөзінше, сәуір айында төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен кредиттердің үлесі 7,7%-дан 8%-ға дейін өскен.

Проблемалы кредиттері ең көп банк - Ресейлік Сбербанктің Қазақстандағы еншілесі  (13,7%) және АТФ Банк (11%). Ал Цесна банкте болса қарыз портфелінің сапасы басқаларға қарағанда (4,8%) жоғары. Ал орта және шағын банктердің проблемалы кредиттері ірі банктерге қарағанда әлдеқайда аз (ВТБ банк пен Қазақстандағы Пәкістан банкін қоспағанда).

Сарапшы 2017 жылдың төрт айындағы кредиттер мен депозиттердің өсімі өте төмен екенін айтады. Кредит инерциясына валюта курсынан бөлек ақша-несие саясаты нарығындағы мөлшерлемелердің жоғары болуы, ал депозит мөлшерінің төмен болуына банктердің балансындағы өтімділіктің шамадан артық көлемі әсер етіп отыр. Біздің ойымызша, осы жылы кредит өсімі 4-6% деңгейінде болады", - дейді сарапшы.

Динара Тәңірбергенованың мәліметінше, кредит нарығындағы жағдай қайта қалыпқа келе бастаған. Сәуір айында берілген қарыз көлемі 0,3%-ға өскен. Дегенмен өткен төрт айдың қорытындысы бойынша берілген қарыз көлемі (-1,4%) кеміген.

"Банктер әлі кредит беруге қызығушылық танытып отырған жоқ. Олар ақша-несие нарығы мен құнды қағаздар нарығын есепке алып отыр", - дейді ол.

Әзірге қарыз портфелінің өсімі Халық банкке (+2,2% М-к-М) тиесілі, Ал  вDelta bank-тің көрсеткіші (-6,5%) мүлде төмендеп кеткен.

Айта кетейік, 22 мамыр күні Ұлттық банк   «Delta Bank» АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған болатын.

0106

“The Qazaq Times”