Қазақстандағы азаматтардың жинақ ақшасының көлемі азайып, керісінше бөлшек несиенің үлесі өсіп келеді. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз конференциясында "Қазақстан Халық банкі" АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова айтты.
"Жалпы 2019 жылдың бірінші тоқсанында банктік сектор активтері төмендеді. Сондай-ақ, депозиттер мен несие алу көрсеткіші де азайды. Алайда, бөлшек несие алудың көрсеткіші өсіп келеді. Бүгінгі күні мұндай несиенің үлесі 27% құрайды. Адамдар несиені көп жағдайда жөндеу жұмыстарына, еңбек демалысына және тойға алады. Орташа есеппен алғанда, бір килент 800-900 мың теңге қарыз", - деді Үміт Шаяхметова.
Сондай-ақ, Halyk тобының таза кірісі 2019 жылғы 1 тоқсанда 74,5 млрд теңгені құраған. Бұл 2018 жылғы осы кезеңнің нәтижесінен (62,1 млрд теңгеге) 20,1%-ға жоғары. Бұл өсімге операциялық шығыстардың төмендеуі мен таза пайыздық кірістің жоғары деңгейі негізгі себеп болған.
"Qazkom-мен бірігудің синергиясы өз нәтижелерін 2019 жылдың 1-тоқсанында-ақ көрсетті. Филиалдар желісін оңтайландыру есебінен операциялық шығыстарды едәуір қысқарта алдық, ссудалық портфельдің сапасын арттыруға бағытталған белсенді жұмыстар провизияларды құруға кететін шығындарды тұрақтандыруға мүмкіндік берді. 2018 жылғы табысты жұмыстың нәтижелері бойынша дивиденттердің теңдессіз мөлшерін төлегеннен кейін де Банкті капиталдандыру сласында ең жоғары болып тұр - 20% дәрежесінде", - деді ол.