New York Post статистикасы бойынша, АҚШ-та әр 17 минут сайын коронавирус дертінен көз жұмғандар тіркеліп жатыр.

Өткен аптада Сенат коронавируспен күреске бюджеттен 2,2 триллион доллар бөлу туралы шешім шығарды. Соңғы деректерде, Америкада вирус жұқтырғандар саны 130 мыңға таяса, 2391 адам өлген.

COVID-19 Нью-Йорк, Нью-Джерси, Калифорния, Вашингтон, Мичиган, Иллинойс және Флорида шттатарында тіркелген. Өлім-жітім Нью-Йоркта көп. Қазір аймақта төтенше жағдай режимі жарияланды. Жергілікті билік Нью-Йорк, Нью-Джерси мен Коннектикуттың кейбір аудандарын карантинге жабуды жоспарлап отыр.

"The Qazaq Times"