Ақ үй мен сенаторлар пандемия жағдайында АҚШ экономикасын қалыпта ұстау туралы «ынталандыру құжатын» бекітті. Құжат бойынша білім, денсаулық саласына бөлінетін қаржы көлемі артады. Бұл туралы Reuters агенттігіне Ақ үй штабының бастығы Марк Мидоусс хабарлады.
Жексенбіде АҚШ-тың Қаржы министрі Стивен Мнучин Fox News сайтында республикашылар 1 триллион долларлық ынталандыру жоспарын дүйсенбіден бастап ұсынады деген.
Келесі құжаттар жиынтығын ұсыну мерзімі шілденің аяғында аяқталады, заң шығарушылар Ақ үймен бірге пандемияның экономикалық әсерін төмендету бойынша жаңа ұсыныстарды талқылауда. Бұған дейін АҚШ әкімшілігі заң шығарушылардан бастаманы 31 шілдеге дейін жеткізуді талап еткен.
Аxios порталының мәліметінше, бұл бастама білім беру саласына үлкен мән береді, сондықтан күзде жұмысқа қайта кірісетін білім беру ұйымдарына бөлінетін қаражат көлемі артады. Медицина ережелерін сақтау мәселесінде қонақүйлердің, ауруханалардың, оқу орындарының жауапкершілік шегі енгізілді. Сонымен қатар республикашылар Америкада коронавирус скринингі мен вакцинаны дамытуға бөлінетін қаржыны көбейтуді ұсынып отыр. Заң жобасында вакцинаны жасайтын бизнес өкілдері үшін салық жеңілдіктері қарастырылған.
16 мамырда АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы көпшілік дауыспен демократтар ұсынған 3 триллион долларлық «ынталандыру құжатын» мақұлдады. Кейіннен Жоғарғы палатадағы республикашылар жаңа шаралар туралы құжатты кері қайтарды. АҚШ президенті Дональд Трамп та бұл бастаманың ешқандай мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Сондықтан да пандемия кезінде экономикалық дағдарыстың алдын алу туралы құжат қайта жасалды.
24 сәуірде АҚШ әкімшілігінің басшысы коронавирустық пандемия зардаптарын еңсеруге бағытталған 500 млрд. АҚШ доллары болатын құжатқа қол қойды. Бұған дейін Конгресс бұл мақсатқа 350 миллиард доллар бөлуді мақұлдады, бірақ сәуірдің ортасына дейін қаражат таусылды. 2 триллион доллардан асатын соңғы ынталандыру пакеті наурыздың соңында қабылданды. Бұған дейін заң шығарушылар федералды билік органдарына пандемияға 8,3 миллиард доллар бөлген.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді