Солтүстік Каролина зертханасы сынақтарда қолданылатын вакцина өндірісін дүйсенбіде бастады.
Вакцина әзірлеу жұмысымен тарысқан президент Трамп Құрама Штаттар коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеуде «жақсы жұмыс істеп жатыр» деп мәлімдеді.
Трамп Солтүстік Каролина, Роли қаласында орналасқан Fujifilm Diosynth компаниясының инновациялық орталығына барды. Нысан күзде алғашқы клиникалық зерттеулерге арналған вакциналарды шығаруды бастайды. Бұл клиникалық сынаққа шамамен 30 000 адам қатыспақ.
Fujifilm Dioxins компаниясы Мэриленд штатының Гаитесбург қаласында орналасқан Novavax компаниясына вакциналар шығарады. Novavax АҚШ үкіметінің коронавирустық вакцинаның дамуын тездету мақсатында федералды үкіметтен 1,6 миллиард долларлық тапсырыс алды.
Сонымен қатар Трамп әкімшілігі Operation Warp Speed жобасын іске қосты. Осы жоба аясында бірнеше компания қатар жұмыс істеп отыр. Келесі жылы қаңтарда 300 миллион доза қауіпсіз әрі тиімді вакциналар дайындауды мақсат еткен. Сол уақытта вице-президент Майк Пенс Флорида штатының Майами қаласына барды.
Ұлттық денсаулық институты (NIH) мен Moderna Inc бірлесіп жасаған тағы бір вакцинаға клиникалық сынақтарды бастады. Пенс: «Бұл тарихи күн, бұл күні біз вакцина егу жұмыстарын толығымен бастадық», - деді.
АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны күн санап артып келеді. Трамптың індетке қарсы әрекетіне сын көзбен қарайтындар да көп. Алайда Ақ үй вакцинаның сәтті табылуы бұл сындарды жоққа шығарады деп үміттенеді.
Бірақ денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар қауіпсіз әрі тиімді вакцинаны дайындау үшін бірнеше жыл қажет болады дейді.
АҚШ-тан басқа тағы бірнеше елдер Covid-19 вакцинасын дайындауға тырысуда.