«Әділет және Даму партиясы» басшыларының 16 Сәуірде өтетін Конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты референдум қарсаңында Европада ұйымдастыруды жоспарлаған кейбір шараларының болмай қалуынан кейін басталған әрі өзара түсіндірмелер мен процестер арқылы арта түскен кикілжің жайын сөз еткен New York Times журналисті Патрик Кингсли (https://twitter.com/patrickkingsley) Түркия мен Европа қатынастарының құлдырауға бет алғанын жазған.

Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлуға ұшып келуге рұқсат етілмеуінен кейін пайда болған бұл келіспеушілік, жай кезде түрлі көзқарасқа ашық әрі байыппен қарайтын Голландияның әдеттен тыс мінезге барғанына назар аудартқан Кингсли, бұның себебі елде сәрсенбі күні өтуі тиіс әрі күн тәртібінде тұрған сайлау екенін білдірді.

Әділет және Даму партиясы: «Сәуірдегі сайлауда дегеніміз іске аспай қала ма» - деп, қорқуда.

Түрік министрлерінің заңды белшесінен басып, Ердоғанның күшін арттыратын өзгерістерге «иә» деуі мәселесінде Европадағы түрік диаспорасының берген дауысынан «жоқ» деген нәтиже шыға ма деген қорқыныштан туғанын айтқан Кингсли бұл науқанның Голландия мен Франциядағы сайлау күн тәртібінде маңызды орны бар әсіре оңшылдардың реакциясымен кезіккендіктерін білдірді. Кингсли мақаласында былай деді:

«Түркиямен арадағы кикілжің Голландиялық саясаткерлердің ісіне жарайды»

«Әділет және Даму партиясының» науқаны оң қанаттағы саясаткерлердің түріктермен болатын дүрдараздықты қоздыра түсуден саяси ұпай жинайтын Голландия мен Франциядағы таңдаулармен қақтығысты. Бұған қоса дауыс алу өтініші Түркияның демократиядан алыстағанына қатысты Европада дүрбелең артып, паналаушылармен үйлесім құру мәселелеріне қатысты алаңдаушылық артып тұрған кезге тұс келді.
Түркиямен дүрдараздық Голландиялық саясаткерлердің ісіне жарайды». Дүрдараздық артқанда Дания үкімет басшысы Ларс Лёкке Расмуссен түрік әріптесі Бинали Йылдырыммен болған кездесуін кейінге қалдырғанын, Әділет және даму партиясы басшысы көмекшісі Мехди Екердің Швейцариядағы кездесу орнының өзгергені, Францияда Франсуа Фийон мен Марин Ле Пеннің Чавушоғлуның елге келуіне рұқсат етуге қарсылық танытуы және Швейцариямен Австрияның болса бұрыннан Ердоғанның науқанына жылы қарамағанын естігенін еске салған Кингслидің мақаласы былай жалғасқан:
«Голландияда әрі консервативті үкімет басшысы Марк Рютте әрі оның әсіре оңшыл қарсыласы Герт Вилдерс келіспеушіліктен ұпай жинауды көздесе де, дәл қазір қайсысының мәнді ұту болатыны белгісіз. Сайлау сәрсенбі күні әрі тақырыпты алғаш рет қоғамға естірткен Вилдерс немесе түрік министрлердің кірісуіне жол бермеген Рютте бұдан табысқа кенелетін болады.

«Рютте лидерліктің қандай болатынын көрсете алады»

Кингсли аталмыш жағдайдың нәтижесінде Рюттенің жеңіске жететінін жазады. «Рютте барлық телеарналар бағдарламалары мен газеттерден түспеуде» деген сарапшы пікірін алдыға тартады.

«Ердоған ұлтшылдардың қолдауын алу үшін Европамен кикілжің шығарды»

Екі ел арасында болған дүрдараздықтың ішкі күн тәртібіне ықпал етуінің өзара бір жағдай екеніне назар аударған Кингсли ұқсас пікірдің Түркияда да айтылғанын білдірді. Референдум нәтижелеріне қатысты белгісіз күйдің «Ердоғанның ұлтшылдардың қолдауын алу үшін Европамен кикілжің тудырды» деген тұжырымдарға себеп болғанын білдірген NYT журналисті әрі ғалым Женгиз Чандардың да тақырыпқа қатысты мына көзқарастарына орын берген:
«Бүгінгі Түркия сыртқы саясаты Сириядан Голландия мен Германияға дейін ішкі саяси күн тәртібімен байланысты. Дәл қазір түріктің сыртқы саясаты дейтіндей саясат жоқ. Түріктің сыртқы саясаты Ердоғанның референдум науқанына байланған».

«Мақсат массалық диаспора емес, үйдегілер»

Европамен артқан дүрдараздықтың себептерінің бірі MHP (Ұлттық халық партиясы) мүшесі болып табылатын халыққа ықпал ету болуы мүмкін деген Кингсли Англядағы King’s College Лондонда түрік диаспорасын қарастырған Александр Кларксонның «Мақсат масса емес, негізгі тыңдаушылар үйде» деген көзқарасын жеткізді. Дүрдараздық кезінде жүгінген ащы тілдің де осы мақсатқа үйлесіп тұрғанын айтқан Кларксон «Бұл Ердоған мен «Әділет және Даму партиясының» «Біз шетелдегі түріктерді қорғау үшін сондамыз» деген ойды айтуына мүмкіндік туғызады» деді. Европаны сынаған Ердоғанның елінде жасағандары себепті «екіжүзділікпен» сыналғанын айтқан NYT журналисті 15 шілдедегі төңкеріс жасамақ болған әрекеттен кейін Түркияда орын алған бақылау, тұтқындаулар, жауапқа тартулар және жұмыстан қууды еске түсіріп, журналист Чандардың мына сөзімен мақаласын аяқтады: «Oл 150 ден астам журналисті, қарсылас жазушыны, саясаткерді түрмеге қамаған елдің президенті. Мәжілістегі ең үлкен 3 партияның лидерлері мен 12 депутат та түрмеде. Tүркия үрей толған мемлекетке айналды».

«The Qazaq Times»