Түркия вице-примьері Нумаш Куртулмуш Голландиямен болған дауға қатысты арадағы дипломатиялық байланыстарды уақытша тоқтатуға мәжбүр екендіктерін жеткізді деп хабарлайды bbc.com. 

Сонымен қатар, көші-қон мәселесі бойынша Еуроодақпен болған келіссөздерді қайта қарау туралы да ұсыныс тастап отыр.

Нумаш Куртулмуш: "Біз олардың бізге жасап жатқандарындай әрекет етіп отырмыз. Ендігі Голландия дипломаттарын жерімізге қондырмаймыз және  бұдан былай Түркия әуе жолдарын пайдалануға да рұқсат бермейміз. Бұл дауды бастағандар енді арты не боларын өздері шешсін" - деп, қысқа қайырды.

 

Фото: news.tj
Түркия мен Голландия арасындағы дипломатиялық қақтығыс

Өткен сенбіде Мевлут Чавушоглу Роттердамға   Голландияда тұрып жатқан түріктердің  16 сәуірде Конституцияға өзгерістер  енгізу жөніндегі рефендумына байланысты шеруін қолдап, бармақшы болған.

Бірақ Роттердамның мэрі түріктердің шеруге шығуына тиым салып және Түркия сыртқы істер министрінің бұл шеруге қатысуына да рұқсат бермеген болатын.

Министр мэрдің бұл шешімі  үшін қатаң санкция жариялап, жауап қайтаратындығын жеткізді.

Ал Голландия басшылығы: "Бұл шеру - қоғамдық тәртіптің бұзылуына алып келіп, тұрғындар зардап шегуі мүмкін" - деген, қауіппен тоқтатылғандығын жеткізді.

Голландия үкіметі: "Түркия ресми түрде санкция жариялайтындығын мәлімдеді. Соған байланысты бұл мәселенің бейбіт шешімі табылмайтын секілді" - деген болатын.

«The Qazaq Times»