Париж қаласында Республикалық партия атынан президенттік сайлауға қатысып жатқан Франсуа Фийонның жақтаушылары жаппай ереуілге шықты деп хабарлайды bbc.com.

Жақында арада Фийонның атынан қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, бірақ бұған қарамастан, бірнеше мың адам оның позициясын жақтап отыр.

Үміткердің республикалықтардың атынан қатысып жатқан  сайлау компаниясында шыққан дауға байланысты жаппай тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Дау Франсуа Фийон әйелін жұмысқа орналыстырып, әйелі қызметте болмаса да көлемді ақша төлеп отырған деген мәселеге байланысты шығып отыр.

Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижелеріне сәйкес, 70 пайыз француздар  Франсуа Фийонның үміткерліктен бас тартқандығын қолдауда.

Дүйсенбіде партия басшылары бұл мәселеге байланысты жиналыс  өткізіп, істі толықтай талқыламақ.

Би-би-сидің Париж қаласындағы тілшісінің айтуынша, Франсуа халық алдындағы беделін дәлелдегісі келсе, ереуілге кем дегенде 50 мыңдай адам қатысуы тиіс еді, Ал ереуілшілерді арнайы автобустармен тасып жатқанына қарағанда, үміткердің қарсыластары ереуілдің еш нәтиже бермейтіндігіне сенімді.

Егер Фийон президенттік сайлауда кандидатурасынан бас тартса немесе бас  тартуға мәжбүрлесе, оның орнына мэр  Бордо Ален Жюппе үміткер болуы мүмкін.

“The Qazaq Times”