Ресей президенті Владимир Путин мен Франция президенті Эммануэль Макрон телефон арқылы сөйлесіп, Украина тақырыбын, ондай-ақ, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін талқылаған. Бұл президент Макрон қайталай сайланғаннан бері екі ел басшысының алғаш рет телефонда сөйлесуі.

Диалог туралы Кремьлдің ресми мәлімдемесінде, екеуара әңгіме Путиннің француз әріптесін қайталай сайланумен құттықтаудан басталған. Путин Украинада болып жақан оқиғалар мен келісімдер бойынша өз тарабынан бірқатар мәліметтерді ортаға салған. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен жасасқан келісім бойынша "Азовсталь" металлургиялық зауытында қоршауда қалған бейбіт тұрғындарды шығару бойынша мәліметтер бөліскен.

Путин сөзінде Еуропа Одағына мүше елдер мен НАТО мүшелері тек Ресейдің іс-қимылдарын қадағалап, украиндық күштердің соғыс қылмысына тең әрекеттеріне көзжұма қарап отыр деп айыптаңан. Путпн бұл үшін Украина күштерінің Донбасс пен өзге шығыс аймақтардағы қала-кенттерді бомбалау әрекеттерін алға тартады. Сондай-ақ, Путин Украинаны қарумен қамдап жатқан Батыс елдерін айыптап, мұндай қадамның соғысты тіптіде өршіту екенін айтқан.

Бұдан тыс екі ел президенті Жаһандық азық-түлік қауіпсізді бойынша бірқатар өзекті мәселелерді талқылаған. Тараптар өзара диалогты сақтап тұруға уәделескен.

Айта кетейік, 24 ақпанда соғыс басталғаннан бері Путин ЕО елдері басшылары арасынан президент Макронмен көбірек диалог жасады.

The Qazaq Times