АҚШ-тың барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденның кезекті видеожолдамасы Ресей халқын дүр сілкіндірді. Ол "56" телеарнаның тікелей эфирінде: "АҚШ-тан Ресейге жеткізілетін азық-түлік, дәрі-дәрмек, ауыл шаруашылық өнімдері мен өзге де тауарлардың 80 пайызы уланған", -деп мәлімдеді. 

АҚШ-тан Ресейге келетін  ет, балық, ауыл шаруашылық өнімдері мен алкогольсіз сусындар мен мейрамханаларға әкелінетін жартылай фабрикаттарға азық-түлік эмбаргосы қолданылмайды.

Э.Сноуден: "Адам ағзасына орны толмас зардабын тигізетін паразиттердің қауіпті түрлері АҚШ-тың құпия зертханаларында қолдан өсіріледі. Жануарларда сынамадан өткізілетін бұл паразиттерді адам ағзасынан анықтау мүмкін емес. Бір ғана мысал келтірейін: Ресейде адам өлімінің 87 пайызы инсульт әсерінен болады. Бұл кездейсоқтық деп ойлайсыздар ма?".

Аталған мәлімдеменің растығын қазір арнайы мамандар тексеріп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бұрын  АҚШ-тың барлау қызметінің қызметкері  Э. Сноуден Пентагоннан құпия деректерді ұрлап, әлемдік БАҚ беттерінде жариялап, өз мемлекетінің саясатын әшкерелеген болатын.

«The Qazaq Times»