Алдағы бірнеше он жылда, нақтырақ айтсақ 2030 жылға қарай Орталық Азия елдері арасында су ресурстары үшін "соғыс" басталуы мүмкін. АҚШ-тың "Барлау жөніндегі ұлттық кеңесінің" есебінде барлық әлемді шарпитын жаңа соғыстың себебі энерия немесе азық- түлік ресурстары емес, су болатыны туралы айтылған. 

Сонымен Орталық Азия елдерінде су ресурстары әрқалай орналасқан, ал қайнар көзі белгілі бір мемлекеттерге тиесілі. Тәжікстан мен Қырғыз еліндегі гидроэлектрстанциялардың салынуы басқа да елдердің қызығушылығын тудырады. Мысалы жері кең Қазақстан мен Өзбекстан да суға тәуелді, себебі көп су көздері көрші мемлекеттерден келеді.

Азиядағы көптеген өзендердің қайнар көзі Қытайдан бастау алады. Қазіргі кезде мемлекет сол арқылы индустриализация мен өндірісті дамытып отыр. Алайда экологияға да оңай тиіп отырған жоқ. Қазірдің өзінде Қытайдағы біраз өзендер құрғап кеткен және құрып кетудің аз-ақ алдында тұр.  Сондықтан Қытай тарапы бұған көз жұмып қарамау керек. Дегенмен Қытай үкіметі әзірге бұған мән берер емес.

Бұдан бөлек қазір таза өзендер, ауыз суы жер суару үшін қолданылып жатыр. Бұл Қытаймен көршілес жатқан елдердің су қорының азаюына әкеліп соғады. Сарапшылардың сөзінше, бұл өзендер мен суларға иелік ететін және иелік етпейтін елдер арасында дау тудырып қана қоймай, саяси "бомбаға" айналуы мүмкін.

До 2030 года Узбекистан, Казахстан и Китай могут начать войну за воду