Ауылдардағы қаңғыбас иттердің үлкен мәселеге айналғанын мына жұрт білеме екен?
Болмаса, қорадағы малға түскен, балаларды талап тастаған жағдайлар аз болып жатқан жоқ. Осы жылы сәуір айының басында Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылында 9 жасар баланы ит қауып алды, күні кеше ғана Ақтөбеде 13 жасар қызды мектептен қайтып келе жатқанда иттер жабылып талаған, 2021ж желтоқсан айында Өскемен Лесхоз ауылында 7 жасар қыздың аяғын ит жұлып кетіп, сол жерде қайтыс болған. Осындай жантүршігерлік жәйттерді тізіп айта беруге болады. Айдың-күннің аманында балаларды итке жем қылып отырмыз. Иттердің осыншама ауыздықсыз кетуіне не себеп? Бұған ең алдымен былтыр желтоқсанда қабылданып, биыл наурыз айында күшіне енген “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң” қолбайлау.

Аталған заң бойынша қапқан иттер ұсталса, иесі анықталғанша екі ай уақытша қамай тұрады, егер иесі табылмаса екпе салып босатып жібереді. Атуға тиым салынған.

Заңды әзірлеген-экология, геология және тәбиғи ресурстар минстрлігі, сіздер иттің құқығын қорғап жүргенде адамдардың жапа шегіп жүргенін білесіздер ме? Әлде, қаладағыдай әдемі аяқ киім, күртеше кигізіп иелері жетелеп жүреді деп ойлайсыздар ма?
Ауылдың жағдайы мүлде басқа, ит түгілі өз қарындарын әзер тойдырып жүрген көп халық тұрады, олардың ілдалдалап асырап отырған азын-аулақ малына шауып, ойын балаларына қауіп төндіреді.

Ол заңды қабылдаған екен, ары қарай талаптарын да орындасын. Бұралқы иттерді бір жерде жинап ұстап, уақтылы тамағы мен дәрісін беріп, сұраған кісілерге құжатымен асырауға берсін. Олай істей алмаса, қаржыларын аяса адамдарға қауіп төндірген иттің құқығын қорғағаннан не пайда? Адамның құқығын қорғай алмай жүріп, итке жанымыз аши қалыпты.
Бұл Талғар ауданындағы ауылдардың бірі Қызыл-қайрат ауылы. Үш күн бұрын жайылып жүрген ұсақ малдарына ит шауып, жаралап кеткен. Егер уақытында байқап қалмағанда өлтіріп кетер еді дейді мал йесі. Осы ауылда топтасып жүрген иттер ауыл балаларының мектепке барған кезінде, ересектердің түнгі жұмыстан қайтқан кезінде тұрғындардың мазасын әбден алған. Бұл туралы ауыл әкіміне де хабарлаған. Еш шара қолданбаған соң осылай көбейіп кетті дейді осындағы жұрт.

 

Алдағы күндерде осы қаңғыбас иттерге шара қолданбаса, зардабы бұдан да ауыр болмасына кім кепіл? Иттің құқығы адамнан да биік болып тұрғанда, тұрғындар өз бетімен ештеңе істей алмай отыр. Болмаса, итке жем болып отыра береме? Мал шығыны толар, адамға тисе денсаулығын, өмірін ешкім төлей алмайды.

Нұрбәтима Байтұрсын,

Талғар ауданы.