Қазіргі уақытта кең белең алып бара жатқан әрі кең талқыға түсіп жақан тақырыптардың бірі – аутизм. Оның шығу себебі мен емдеу жолдары белгісіз. Ғалымдар тәжірибе жасау мақсатында, 6, 12 және 24 айдан асқан 148 бүлдіршін томографиядан өткізілген. Аутизм белгілері бар деп, ақпарат қабылдау үшін жауапты ми қыртыстарында өзгерісі бар организм нысанға алынды. Бұл туралы BBC.com хабарлайды.
Аутизм деген не?
Аутизм — (грекше autos – өзім) – адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл-күйі. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сондықтан да бұндай балалар интернаттарда емес, кәдімгі арнайы ортада тәрбиеленуі қажет.
Ғалымдардың айтуынша, бұл зерттеу жұмыстары аутизм ауруын инновациялық-терапиялық жолмен емдеу жолдарын анықтауға септігін тигізеді.
100 адамның бірінің (1/100) организмі аутизм спектрінің бұзылуына бейім тұратындығы көрінген. Сарапшылар қызылша, паротит және қызамық ауруларына қарсы салынатын MMR екпелерінің салдарынан аутизм пайда болады дегенді жоққа шығарып отыр. Себебі, аталмыш екпелердің барлығы, шамамен 2 жастан кейін салынады, ал бұл кезеңде атуизм диагнозы анықталады (бар болса).
Профессор Джозеф Пайвен – зерттеушілердің бірі – BBC-ге берген сұхбатында тәжірибенің нәтижелері жаман еместігін айтқан.
Британиядағы Ұлттық аутистік қоғамға қарасты аутизм орталығының директоры Кэрол Пови былай дейді:
«МРТ-сканерлеу аутизм ауруы бар отбасылар үшін, кейінгі балаларының болашағын анықтауға (алдын ала «дұрыс күтім жасау керек» деген дабыл қабылдауға) мүмкіндік береді. Бірақ жалғыз тест одан кейінгі барлық баланың болашағын (аутизм бар-жоғын) анықтайды деген сөз емес».
Аутизм дамуының нақты шешімі нақыт әрі толық зерттелген жоқ. Бірақ оның артында орталық жүйке жүйесінің жұмысына кедергі жасайтын, генетикалық механизмдердің жатқаны белгілі.
«The Qazaq Times»