Швейцарлық нейрофизиологтар апаттан кейін немесе өте ауыр дерттің салдарынан сал болып қалған адамдардың ойын оқитын жаңа нейрочип ойлап тапты. Бұл туралы BBC хабарлады.

«Бұл керемет тәжірибе болды. Толықтай сал болып қалған адамдардың қоршаған ортамен байланыса алмайды дегенді 100 пайыз жоққа шығаратын нәтиже алдық. 4 ерікті адам тек қана ой күшін жұмсай отырып, жеке қойылған сұрақтардың барлығына жауап бере алды.  Егер қайтара тексергеннен кейін дәл осы нәтижені ала алсақ, біз қозғалмалы нейрондардың дисфункциясынан зардап шегетіне адамдарға қайта сөйлеу бақытын сыйлай аламыз», – дейді Тюбиген (Германия) университетінің профессоры Нильс Бирбаумер (Niels Bierbaumer).

«Қоршаудағы адам» аталатын синдром белгілі бір нейродегенеративті аурулардың (мысалы, амиотрофикті склероз немесе «Стивен Хокинг дерті») дамуының соңғы пункті болып есептеледі. Яғни, бұндай адамдар қоршаған ортамен қарым-қатынасын біржола үзгендей көрінуі мүмкін. Себебі бұлшық еттері жұмыс істемейді. Жалпы бұл синдром терең ұйқыға кететін ессіз күйдегі (комадағы) адамдарды еске түсіреді. Көптеген нейрофизиологтар, оның ішінде Бирбаумер де, сал адамдарды ойлана да алмайды деп есептеген.

Бирбаумер мен оның әріптестері 4 еріктіге жасаған тәжірибесінде нейрочип пен компьютерлік интерфейстерді қолдана отырып, сал адамдармен сөйлесуге болатын, болмайтындығын анықтағысы келді.

Ғалымдар 2 құрылғыны қолданды:  тұтас мидың фунцияларын бақылап отыратын магнитті-резонансты томограф және инфрақызыл спектроскоп. Бұл жаңа ғылыми құрылғы жүйке жасушаларының белсенділігін және қаншалықты оттегі пайдаланатынын бақылауда ұстап отыруға мүмкіндік береді.

Ғалымдардың түсіндіруінше, адамның терісі 700-900 нанометрде сәулелендіру үшін тым мөлдір келеді, алайда қандағы басты оттегі тасымалдаушы гемоглобин барлығын сіңіріп отырады. Жасуша қаншалықты  көп оттегі пайдаланған сайын, соншалық эритроциттер бөледі.

Бірнеше жыл бұрын ғалымдар тобы өте қызықты зерттеу жүргізіп, дәлелдеп шығарған. Олар адамдардың ми қызметін бақылауға алған. Жеңіл сұрақтар қойылған жағдайда, науқастың гемоглобині өзгеріп отырған. Яғни, «иә» деп жауап берген кезде қан қысым жоғарылайды да, «жоқ» дегенінде, керісінше, азайған. Осы тәжірибені негізге ала отырып, ғалымдар осындай «иә», «жоқ» деген жауаптарға дабыл қағып тұратын жаңа  жүйе ойлап тапты.

Жоғарыда атап өтілген тәжірибеге қатысқан 4 науқас, өздерінің жұбайларын, туыстарын таныған және жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берген. Ішіндегі бір науқас, тіпті, өзінің қызына тұрмысқа шығуға қарсылығын білдірген.

Ғалымдарды таң қалдырғаны, барлық қатысушылар өмір сүріп жатқандықарына қуанды. Осыдан шығатын қорытынды: сал ауруына шалдыққан науқастардың барлығы өмір сүруді жалғастырады. Осы саладағы зерттеуді тереңдете түссе, бұл адамдардың біртіндеп  қозғалып, сөйлей алатын деңгейге жетуі де мүмкін.

«The Qazaq Times»