Еуропадағы қазақ бауырластарымыздан жеткен хабарға қарағанда, өткен аптада, 25 наурыз күні Австрияның астанасы Вена қаласында Еуропадағы және ат аяғы жеткен алыс құрлықтардағы түрік тілдес бауырластар бас қосып, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өткен. Шараға қазақ диаспорасы атынан Еуропадағы қазақтардың бірлестігінің өкілдері арнайы қатысқан. Бұл туралы бірлестік төрағасы Қыдырхан Чолпан хабарлады.

Ежелгі дәстүрді еске түсірді. Фото: Қ.Ч.

Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шара Қазақ, Түрік және Әзербайжан елдерінің ән ұранымен басталып ашылған. Қазақстанның аталған елдегі дипломаты Мерей Мұқажан қазақ елінің сәлемін жеткізген.

Ғасырлық мұрагерлер.

Еуразияның түкпір-түкпірінен келген түркі текті ағайын наурыздың отыр жағып, мың жылғы дәстүрді жаңғыртып оттан қарғып, тарихи тамырластығын еске түсірген. Еуропадағы қазақ қандастарымыз қазақтың ұлттық киімдерін, ұлттық тағамдарын, ұлттық би мен музыка өнерін туыстас түрік тектес ағайындарға көрсеткен.

Арсыланбек Сұлтанбек. Фото: Қ. Чолпан.

«Наурызда елде болмасақ та еліміздің дәстүрін туыстас халықтарға көрсетіп, көңіліміз серпіліп қалды», – дейді Қыдырхан Чолпан, «Айталық, менің басыма киген «керей тұмақ» Баянөлгейден болса, үстімдегі оқалы шапан атажұрт Қазақстаннан, белімдегі күміс кісе мен қанжар, ата мекен алтын Алтайдан. Ал, ханымымның киген кимешек-шылауышы апасынан қалған кемінде бір ғасырлық мұра болатын. Бұл тойға қазақтың домбырасын туысқан халықтарға таныстырып жүрген Арсыланбек Солтанбек бауырымыз да қатысты», – деді.

“The Qazaq Times”