Cүриялық жеті жастағы бүлдіршін Бана Алабед АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Доналд Трампқа ашық хат жазды деп хабарлайды BBC-дің қырғыз қызметі.

Бана бұған дейін қоршауда тұрған АлепподанTwitter” арқылы көрген-білгендерін жазып, көпшілікке танымал болып қалған.

Ол Трампқа жазған хатында: "Сіз сүриялық балалар үшін бірдеме істеуіңіз керек. Өйткені олар да сіздің балаларыңыз сияқты бейбіт өмір сүруге  лайықты" деп жазған.

Бана қазір Түркияда тұрып жатыр. Ол өз отбасымен Алеппоның шығысынан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау кезінде кеткен.

Ол, өткен жылдың қыркүйек айында Башар Асадтың армиясы Ресейдің қолдауымен қаланың шығыс бөлігіне шабуыл жасаған кезден “Twitter”-ге жаза бастаған. Болып жатқан уақиғаларды ағылшын тілінде жазып тұрған. “Twitter”-дегі аккаунтына көмектесіп жүрген апайы Фатима, Бананың Доналд Трампқа жазған хатын BBC-ге жіберген.

Фатиманың айтуынша, Бана хатты АҚШ президентінің инауграциясынан бірнеше күн бұрын жазған. Апайы Бананың АҚШ президентін теледидардан көп көргеннен кейін осындай шешімге келгенін айтты.

Бананың президент Доналд Трампқа жазған хаты

Құрметті Доналд Трамп!

Менің атым Бана Алабед. Мен Алеппо қаласынан боламын. Жасым жетіде. Мен өткен жылдың желтоқсан айында қоршауда тұрған Алепподан кеткенге дейін,Сүрияда өмір сүргем. Мен Сүриядағы соғыстан жәбір көрген балалардың бірімін. Әзір Түркияда бейбіт өмір сүріп жатырмын. Алеппода мектепке баратынмын. Мектепті бомбалап тастады. Менің достарым көз жұмыды. Егер олар менімен бірге болса, ойнайтын едік. Мен Алеппода ойнай алған жоқпын, өйткені ол ажалдың қаласы болды. Қазір Түркияда көшеге шыға аламын. Мектепке баруыма да болатыны анық.

Бейбітшілік бәріміз үшін маңызды, сіз үшін де. Бірақ, миллиондаған сүриялық балалар қазір мен секілді өмір сүре алмайды. Сүрияның әр түкпірінде азап шегіп жатыр. Сіздің Америка президенті болғаныңызды білемін. Сүриялық балалармен елін құтқарып қалыңызшы.  Сіз сүриялық балалар үшін осыны істеуіңіз керек. Өйткені олар да сіздің балаларыңыз сияқты бейбіт өмір сүруге  лайықты. Егер, сіз Сүриядағы балалар үшін осыны істеймін деп уәде берсеңіз, мен сіздің жаңа досыңыз боламын. Сүриядағы балаларға сөзсіз көңіл бөледі деп үміттенемін.

Бана осыған дейін қоршауда қалған Алепподан “Twitter”-ге көрген білгендерін жазып көпшілікке танымал болған. Фото: TWITTER/ALABEDBANA, caption

Бана мен отбасы қазір тұрақтап тұрған Түркия сүриялық оппозицияны қолдайды. Ал, президент Трамптың Сүрия соғысы бойынша позициясы әзірге белгісіз.

"The Qazaq Times"