АҚШ президенті Жо Байдан 2024 жылы екінші рет президент болуға күш салатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол ABC арнасына берген сұхбатында ортаға салған.
«Мен тағдырға сенетін адаммын. Егер денсаулығым жақсы болса, 2024 жылғы сайлауға кандитат ретінде қатысамын», – деген Байден сөзінде. Ол бұған қоса, Республикашылдардың өкілі, бұрынғы президент Дональд Трамп сайлауға түссе, онымен тағы бір рет жарысып көруге дайын екенін де жеткізген.
Байденнің келесі сайлауға да қатысу ниеті бар екенін Ақ үй бұған дейін де мәлімдеген болатын. Америка Құрама Штаттарының келесі президент сайлауы 2024 жылы өтеді. Қазіргі президент Жо Байден ол кезде 81 жасқа толады және ол қазірдің өзінде АҚШ тарихындағы ең егде жастағы президент саналады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы