Жұма күні түстен кейін ФБР Трамптың үйін тінткен кездегі алынған құжаттардың тізімін жариялады. Экс-президенттің қылмысы дәлелденсе 5 жылға сотталуы мүмкін деп жазды ББС арнасы.
АҚШ тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың үйіне дүйсенбі күні тінту жүргізілгенін осыған дейін хабарлаған болатынбыз. ФБР тәркілеген заттардың арасында ядролық қаруға байланысты құжаттар болуы мүмкін дейді дереккөздер, алайда, қайсы елге қатысты екені айтылмайды. Трамп мырза тергеуге байланысты құжаттардың жариялануына қарсы емес екендігін мәлімдеген, сондай ақ,тәркіленген заттарын түгендеуге өтініш білдірген. Америка тарихында алғаш рет қылмыстық тергеу мақсатында бұрынғы президенттің үйіне тінту жүргізді. Трамп мырза және басқа республикашылар бұл қадамның саяси астары бар деп санайды. Бірақ бейсенбі күні баспасөз мәслихатында бас прокурор Гарланд мырза ФБР агенттері мен әділет департаментінің шенеуніктерін қорғап, тінтудің Трамп мырзаның құқығына қол сұғу емес, барлығы заң аясында болғанын айтты. сондай ақ, ФБР 11 құжат жинаған, соның ішінде АҚШ тың ұлттық қауіпсіздігіне ерекше ауыр зиян келтіруі мүмкін деп саналған материалдар бар. Жұма күні түстен кейін тәркіленген заттардың тізімі жарияланды, онда фотосуреттер, қолжазбалар, Франция президенті туралы анықталмаған ақпарат, Трамптың ұзақ уақыттан бергі одақтасы Роджнр Стоунның атынан жазылған кешірім хаты, сонымен бірге өте құпия файылдардың төрт жинағы, кэш құпия құжаттардың үш жинағы, құпия материялдың үш жинағы болған. Бұл құпия құжаттарды алуға заң бойынша тиым салынатындықтан, енді Дональд Трамп бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды ВВС news.
Ал бұны 2024 жылғы президент сайлауына қарсы жасалып отыр дейтіндер де бар.