Өткен жұмада Трамп және оның Ақүйдегі баспасөз хатшысы Шон Спайсер (Sean Spicer) БАҚ-қа президентті ұлықтау салтанатына қатысқан адамдар санын әдейі өтірік мәлімдеді дейді «The New York Times» басылымы.

Трамптың Ақүйдегі баспасөз хатшысы Шон Спайсер «Трамп тарихта Халық алаңына ең көп адам жинаған президент болды» деген еді. Алайда, Уашингтон Ұлттық паркі акімшілік қызметінің айтуына қарағанда, мұнша көп адамның Уашингтон Халық алаңына симайтыны мәлім болды. 2009 жылы парк қызметінің «Барак Обама тарихта ең көп адамды халық алаңына әкеле алды» дегені бар. Барак Обама мен Доналд Трамптың президенттігін ұлықтау рәсіміндегі фотосуреттерді салыстырып қарасаңыз, өткен жұмадағы адамдардың біршама аз екенін анық көре аласыз.

Жұма күні Трамп Орталық барлау агенттігінің штаб-пәтерінен көрінген кезде, БАҚ оның президенттігін ұлықтауға жиналған адамдардың саны туралы жалған мәлімет берді: « Халықтың өте қалың тобы қазір алаңда тұр – сіздер мұны анық көріп тұрсыздар. Таңертең орнымнан тұрғанда, интернеттен алаңда ешқандай адамның жоқтығын көріп масқара болатын болды деп ойлап едім. Доналд Трамп халықты алаңға тарта алмағаны ма деген ой да болды. Бірақ, хабар таратылып жатқанда, алаңда шамамен 1 миллион не 1 миллион 500 мыңдай халықтың жиналғанын көрдім». Бұл БАҚ-тың алаңдағы халық саны туралы берген мәліметтерінің бірі ғана.

Шон Спайсер Ақүйдегі алғашқы мәлімдемесінде, ақпарат құралдарына президент Трампты қолдауға нұқсан келтіретін суретті таратпауды тапсырды. Оған қоса, алаңға жиналған халықтың саны мен Уашингтон көшелеріндегі Трампқа қарсы шерулерді салыстыра мәлімдеуді де ескертті. Соңынан ол алаңға жиналған халықтың саны туралы тереңдей талқылау да жасаған. Спайсер кетер алдында бір журналистің «Біз БАҚ-тың жауапкершілігін сақтаймыз» деп айғайлаған сөзіне жауап та қатпаған.

Кезінде Жорж Буштың (Джордж Буш) алғашқы баспасөз хатшысы Ари Флайшер (Ari Fleischer) Спайсердің баспасөз мәслихатын көріп болғаннан кейін, Twitter парақшасына: «Бұл дегеніміз сіздің не хабарлайтыныңызды президент белгілейтін болғаны. Сіз соны президенттің көретінін білесіз», - деп жазды.

Бренд пен имиджге қатты көңіл бөлетін президент жөнінен, өзін ұлықтауға келген халық саны өте маңызды болып саналады. Америка қалаларындағы ереуілдер оған БАҚ-тың әдейі ұлғайтып жеткізген ақпараты боп сезіледі. Трамп ант беруден 45 минут бұрын түсірілген бір фотосурет пен 8 жыл бұрынғы Обаманың президенттігін ұлықтау салтанатынан 45 минут бұрын түсірілген суретті салыстрсаңыз, Трамптың жасаған «шоуында» адамның аз болғанын көру қиын емес. Ұлыбритания Манчестер Метрополитен Университетінің профессоры Кит Стилдің (Still Keith)  сараптауы бойынша, Трамптың президенттігін ұлықтауға қатысқан адамдар саны Обама үшін алаңға келген адамдардың үштен біріндей ғана болған екен.

Американың өзінде таққа отырған президенттеріне деген наразылықтар әлі де толастамай жатқан көрінеді. Халықтың сенімінен шығып, америкалықтар үшін істейтінін дәлелдеу үшін Трамптың қандай батыл қадамадарға баратынын алдағы уақыт көрсетеді.

"The Qazaq Times"