БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гуттериш Мьянма билігінен Ракхайн штатында тұратын Рохинджа мұсылмандарына қарсы қантөгісті тоқтатуды талап етті. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.
Күні кеше ғана 25 тамыздан бері елдегі жаппай жазалау шарасынан бас сауғалап, Бангладеш жағалауына жеткен мұсылмандардың саны 73 мың - 90 мың деп көрсетілгенімен, бүгін шекара сыртынан тыныштық іздегендер 125 мыңға жетті деген хабар тарады.
БҰҰ-ның балалармен жұмыс ұйымы UNICEF ұсынған баяндамада Бангладештегі босқындар лагеріндегі мұсылмандардың 80 пайызы балалар мен әйелдер екені көрсетілген. Сондай-ақ Мьянма билігінің еліне гуманитарлық көмек кіргізбеуі себебінен, Ракхайн штатының оңтүстігіндегі 28 мың бала таза ауыз су мен азық-түлік, дәрі-дәрмек пен алғашқы көмекке мұқтаж болып отырған көрінеді.
БҰҰ-ның босқындармен жұмыс істейтін UNHCR агенттігі Рохинджалықтармен тілдесіп, олардың мұнда өте қиын жағдайда, бірнеше күн қатарынан ас-су ішпестен жеткенін айтады. Қазіргі таңда барлық әлемдік басылымдардың басты тақырыптарына айналған Мьянмадағы мұсылмандарға қарсы әрекеттердің тоқтатылуы мен Бангладештегі 100 мыңнан астам босқынның болашағы шешілмей отыр.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды