2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне қатысты тағайындалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында осылай деп мәлімдеді.
"Қазіргі кезде зейнетақы зейнеткерлік жасына жеткендердің бәріне бірдей еңбек өтілін және зейнетақы жинағын қалыптастыруға қатысуын ескермей-ақ тағайындалады. Ал келесі жылдан бастап зейнетақыны зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай беру жоспарланған. 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы аударымдарының түсу аралығы ғана есептеліп қоймай, 1998 жылға дейінгі де еңбек өтілі есепке алынуы мүмкін», - деді С.Жақыпова.
Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 2,1 млн зейнеткердің базалық зейнетақысы 1,8 есеге жоғарылайды. Сонымен қатар, қазіргі кезде зиянды және қауіпті еңбекпен айналысатын азаматтардың зейнетке ерте шығу шаралары қарастырылған.


















Тоқаевтың «Тіл еркіндігі» – Өз тілінен ыңғайсызданатын биліктің бейнесі ме?
8 Наурыз – Мкереке құтты болсын арулар!
Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
Рамазан – рухани тазалық пен мейірім айы
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады