Астана қаласындағы ауыр қаза министрліктегілерді ұйқысынан оятқан іспетті. Бірі, мұндай қазаға қайғыра көңіл айтса, енді бірі ата-анасын сотқа тартумен әлек. БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желіде шулаған тұрғындар бұл оқиғаның жылы жабылуына жол бере қоймады.
Қаза тапқан бес қыздың ең кішісі үш айлық екендігін ескерген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова декреттік жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақының мерзімін ұзартуды жоспарлап отырғандығын жеткізді.
Вице-министрдің сөзінше: "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі декреттегі әйелдерге жәрдемақы беру мерзімін ұзарту туралы бірнеше рет ұсыныс жасаған болатын. Бюджеттік қаражатты ескере отырып, біз республикалық бюджеттік комиссияға өтініш қалдырғанбыз. Біздің ұсыныс әлі мақұлданбады. Енді тағы да ұсыныс жасаймыз", - деді.
Сонымен қатар, сәбилерінің бір жасқа толғанын күтпестен жұмысқа шыққан әйелдерге ешқандай мәжбүрлік көрсете алмайтындығын да жеткізген. Алайда, үкіметтен берілетін жәрдемақының тым аз екендігін ескермеген вице-министр жаңа босанған аналардың тірлікке араласуын басқаша елестететін іспетті. Оған, Жақыпованың мына сөзі дәлел: Мен жұмысқа шыққан кезде балам үш айға толмаған еді. Онымен бірге жұмыс істеп, іссапарға да шығатынмын. Бірақ мен жұмысқа ақша табу мақсатында шыққан жоқпын", - деген басшы қарапайым халықты өзімен деңгейлес көретіндігін аңғартқандай болды. Дегенмен, айлығы-шайлығына жетпеген отбасылар еңбек ісіне еріккеннен араласпайтындығы һақ.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?