"Al-Jazeera" (Әл-Жазира) телеарнасының тілшілері Араб мемлекеттерінің арнаны жабу туралы талабына жауап берді. Сауд Арабиясы, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейн мемлекеттерінің басшыларына бейнеролик арқылы жауап қатқан журналистер телеарнаны жабуға деген ұмтылыс - азаматтардың шынайы ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеу деп есептейді.
Бейнероликте: "Біздің де аталған мемлекеттерге қояр талабымыз бар. Біз журналистерге қысым көрсетілмейтін, азаматтар шынайы ақпаратқа кедергісіз қол жеткізе алатын қоғамның болғанын қалаймыз. "Al-Jazeera" телеарнасын жабу адамдарды өз мәселелері жөнінде үндемеуге мәжбүрлеу " - делінген.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бұрын Сауд Арабиясы, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейн Кувейт арқылы Катар мемлекетінің басшылығына елді дипломатиялық изоляциядан шығару үшін қойылатын талаптардың тізімін жолдаған болатын. Олардың қатарында Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасты үзу, ел аумағындағы Түркияның әскери базасын жабу және "Al-Jazeera" спутниктік арнасының қызметіне тыйым салу бар.
Барлық талаптарды орындау үшін Катарға үш күн уақыт берілді. Бұл талаптардың орындалуын мүмкін емес деп таныған Катар мемлекетінің сыртқы істер министрлігі кейіннен ультиматумды орындау үшін қосымша 48 сағат сұрап, хат жолдаған болатын.
Айта кету керек, БҰҰ "Al-Jazeera" телеарнасына қарсы жасалып отырған әрекетті сөз бостандығын шектеу деп санайтынын мәлімдеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?