«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» заң жобасына сәйкес, енді құқықбұзушылықтардың құрбаны болған балалардың суреттері мен олар туралы жеке деректерді жариялау 200 АЕК дейін айыппұл төлеуге әкеліп соғуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі хабарлады.
Балаларға қарсы орындалған қылмыстық әрекеттен зардап шеккен жеткіншектердің бейнесін, олар туралы толық деректерді жариялағаны үшін жеке тұлғаларға – 5 АЕК, өкілетті тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері мен үкіметтік емес ұйымдарға – 25 АЕК, орташа кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, ірі кәсіпкерлерге – 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Аталған факті қайталанған жағдайда, жеке тұлғалар мемлекетке белгіленген айыппұл мөлшерінен 10 есе артық, 50 АЕК көлемінде қаржы беруге міндеттелсе, шағын кәсіпкерлерлік субъектілері мен үкіметтік емес ұйымдар – 50 АЕК, орта және ірі кәсіпорындар 100-200 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды.
Белгіленген заңның талаптарын орындамай, әкімшілік жауапкершілікке қатарынан бірнеше рет тартылу - бұқаралық ақпарат құралының жабылуымен аяқталады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?