«Титаник» кемесі туралы жалпы жұрт біле бермесе де, Жеймс Кэмерон режиссерлік етіп, Леонардо ДиКаприо мен Кейт Уинслет бас рөлдерде ойнаған «Титаник» фильмі арқылы, Титаник сынды кеменің атымен жақсы таныс. Титаниктың суға батуындағы тарихи шындық туралы бүгін The New York Times-та осы туралы Дэн Билефскидың арнаулы мақаласы жарияланды.
Адал махаббат пен сүйіспеншілікті ту еткен бұл кино әлемге кең тарап, картинадағы әсерлі оқиғалар мен көріністер талай жанның жүрегін тербеп, көзіне ыстық жас үйірген еді. Осындай өлмес өнер туындысына арқау болған «Титаник» кемесінің суға батуы кезіндегі тарихи шындықты білу артық болмас.
Бұдан 104 жыл ілгері «Титаник» суға батып, кемедегі ер, әйел, балалар аралас 1500-ден астам адам қаза тапқан. Содан бастап, осы орасан үлкен трагедия таңғажайып түске оранып, адамзат тарихындағы шешуі жоқ жұмбақтардың бірне айналып қала берді. Таяу жылдарға дейін ешкім де, Титаник сынды алып кеменің Финляндия теңізі маңында алып мұз бөлігіне соғылып, суға батып кеткені туралы әңгімеге шек келтірмеді. Алайда, жақында ғана жасалған бір деректі фильмде бұрын айтылмаған тың жорамал «жарқ» етті. Титаник сол кезде әлемдегі ең алып кеме болып, «мәңгі батпайтын кеме» деген атқа ие болды. Оның Финляния теңіз айдынында айсбергке соғылып, тез арада суға батып кетуіне кеме үстінде болған өрт себепші болуы мүмкін. Ал, бұл өрт кеменің Ұлы Британияның оңтүстігіндегі Нортгемптоннан Ню-Иоркке қарай жүзіп бара жатқан кезде, яғни, айтылмыш трагедия туылудан үш апта бұрын болған деген жорамалды айтады. Бұл деректі фильм жақында Ұлы Британияның 4 арнасында (Channel 4) таратылды.
Ирландиялық журналист Senan Molony отыз жылдан бері Титаник кемесінің суға батуының басты себебін іздеген. Оның жорамалы бойынша, кеме ортасында үш қабатты үйдің үлкендігіндей көмір қоймасына өрт кеткен. Осылай кеме айсбергке соғылудан бұрын оның тағдыры шешіліп қойған. Кеме қызыметкерлерінің абайсыздығы, айсберг және басқа да көптеген ерекше оқиғалар бірігіп, осы үлкен трагедияны келтіріп шығарған дейді «Титаниктың тың дерегі» атты деректі фильмінде. Senan Molony «адамдар осы өрт апатының болатынын біле тұра, оны назардан тыс қалдырып, жолға дайын болмаған алып кемені қатерлі сапарға алып шықты» дегенді айтады.
Молони осы жорамалын ең әуелі Англия корольдігіне қарасты оңтүстік-батыстағы Уилтшир (Wiltshire) қаласындағы бір ескі ғимараттағы, жүз жылдан бері көзден таса жатқан бір фотоальбомнан бастаған. Бір ғасыр бойы шаң басып жатқан альбомда бұдан бұрын еш жерде жарияланбаған, Титаник кемесінің жасалу барысы, кеме құрлысы және алғаш сапарға шыққан кездегі көрністері түсірілген суреттер сақталған. Бұл құнды деректерді алғаш Ирландияның Белфаст портындағы «Харлан-Уольф» (Harlan Wolff) компаниясы директорының ұрпағы тауып алған. Аталған компания сол кездегі кеме жасайтын ірі мекеменің бірі болатын. Титаник кемесі де осы «Харлан-Уольфта» жасалған. Компания директоры кеменің жасалу барысын және жасалып болғаннан кейінгісін де егжей-тегжейлі суретке түсіріп алған.
Молонидың айтуынша, суретті ұқыптылықпен қарап тексеру барысында кеменің оң қапталында кісі қайран қаларлық ұзындығы 30 ағыл.футына таяу (тоғыз метрге жақын) үлкен қара сызықты байқаған. Бұл қиғаш сызық кеменің айсбергке соғылған тұсына өте жақын болған. Лондондағы Корольдік жаратылыс ғылымдар институтының ғылыми зерттеуі нәтижесі бойынша, бұл қара дақ кеме ішіндегі өрттің әсерінен пайда болған. Молони бұл суреттердің құнын көне Мысырдағы Тутанхамонның қабырымен бірдей, себебі бұл 1 мың 500 адамның жанын жалмаған кеме апатының түпкілікті себебін айғақтап тұр дегенді айтады. Ғалымдар бұл жорамалдың иландыру қуаты жоғары екенін растайды. Алайда, өрттің кеменің суға батуына қаншалықты әсер ететіні туралы түрліше пікір айтады. Соның бірі Ричард де Керберих (Richard de Kerbrech). Ол «Титаник» кемесінің суға батуы туралы екі кітап жазған. Ол сұхбатында: « Менің пікірімше, көмір қоймасындағы өрт кеменің ішкі қабырғаларына зиян келтірген. Яғни, болат қабырғаны бүлдірген. Сондықта айсбергке соғылғанда алып мұз қиыршығы кемені оп-оңай тесіп кірген» деген ойын айтады.
1912 жылы Ұлы Британия үкіметі бұл істі тексеруге арнайы нұсқау берген. Бірақ, сарапшылардың қарауынша, сексеру ісіне төрелік еткен судия бұл фактілерді әдейі ескерусіз қалдырған деседі. Бұған сол кездегі теңіз тасымалы мен кеме жасаушы ірі компаниялардың әсері болды деген жорамалдар жасайды. Ричард: «бұл деректер біздің тарихққа деген танымымызды өзгертеді» дейді. Өрттің болғанын және кемеге ауыр зиян салғанын кеме капитаны мен компания қожайындары анық біледі, алайда, Титаник сапары кешіктірілсе, компания ауыр шығынға бататын болған соң, жұрттан әдейі жасырып қойған. Тіпті, кеменің өрттен келіп шыққан қара дағын көрсетпес үшін, кеменің сол жақ қабырғасын жағалауға қаратып тоқтатқан.
Моноли кеме апатына осыншама үлкен сорақылықтың себеп болғанына даусыз сенеді. Әрі, театрда ғана болатын трагедияның шынайы өмірде жүз беруі және оның себебін жансыз айсбергке жаба салу адамдар қолымен жасалған ең үлкен трагедия, сондықтан да адамдар осы «суға салсаң батпайтын, отқа салсаң күймейтін» аты шулы алып кеменің суға бату себебі қызықтырмай қалмайды деген оймен өз фильмін түйіндейді.
"The Qazaq Times"