АҚШ-тың бұрынғы президент Барак Обама дүйсенбі күні өзінің екінші ауылы саналатын Чикаго университетіне (University of Chicago) барып, жастармен ашық пікірлесті. "The New York Times" басылымында Обаманың Ақ үйден кеткеннен бергі алғаш рет көпшілік ортамен жүздесуі туралы жазылған болатын.
Міндетін Трампқа өткізіп бергеннен кейін, Обама үш айға жуық демалыста болды. Алайда, оның қызметшілері Уашингтондағы кеңсесін, Чикагодағы кітапхана құру істерін жоспар бойынша жүргізіп жатты. Демек, Обама да көп өтпей өз жұмысына кіріседі.
Дегенмен, бір кезде Ақ үйде отырып, әлем назарын өзіне аударған Барак Обама АҚШ пен Еуропа елдері арасындағы ашық әңгімелердің бетін ашпақшы.
Көмекшісінің айтуынша, Обаманың Ақ үйдегі орнына отыра сала-ақ, оның ұстанған саяси бағыттары мен жетістіктерін жоққа шығарып, кекесін пиғыл таныта берген Трампқа бірден қарсы келу ойынан аулақ.
Алайда, дүйсенбідегі Обаманың іс-әрекетінен оның қаншалықты қысымда жүргенін байқау қиын емес. Өйткені, Обама өзіне кездескендер арасынан алты студентке ғана шешіле әңгіме айтқан. Ол жастарға қоғамдық ұйымдасудың, қоғамдық мәселелерден тартынбаудың, бұқаралық белсенділіктің маңыздылығы туралы көбірек тоқталған. Ал, жастар көбінесе иммиграция, климаттың жылынуы, нәсілдік және ұлттық теңдік қатарлы тақырыптарда сөзге тартқысы келген. Бірақ, Обаманың көпшілік ортада аталған тақырыпта айтқан әрбір ауыз сөзі, Трамп жағынан тыңдалуы әбден мүмкін.
Тіпті студенттерден: «Өзіңіз 8 жыл тізгінін ұстаған алып ел жайлы, оның бүгінгі билік жүйесі мен президенті туралы қандай баға бересіз? – деген сауалдарда қойды.
Обама билікке келген кездерде мінберлерде және басқа да көпшілік ортада өзінен бұрынғы президент Бушқа құрмет білдіріп, оның өзін сынға алуынан сақтана білген болатын. Дегенмен, Джордж Буш елдің билік тағынан біржолата алыстап кеткен еді. Обаманың өзінен бұрынғы президентке құрмет көрсете білуі, міндетті түрде оның саясатын жалғастырамын дегені емес еді. Бұл айтылғандарды салыстырып қарағанда, аталған мысалдардың барлығы Обаманың Трамп жөнінде сын айтуының қиын болатынын аңғартқандай.
Обаманың биліктен кеткеннен кейін алғаш көпшілік ортамен кездесуін Чикагодан бастауының да өзіндік себебі бар. Ондаған жыл бұрын Барак Обама өзінің ұйымдастыру қабілетін осы арада алғаш әйгілеген болатын. Яғни, ол елге тұтқа болуға лайық азаматтың ұлы сапарын дәл осы арада бастады деуге болады.
Биыл қаңтар айында да соңғы рет президенттік салауатымен осы араға кездесуге келген болатын. 10 қаңтарда Обама өзінің арман мен жалынға толы жастық шағының осы қалада өткенін есіне ала отырып: «Ғұмырдың аса бір жіңішке жолында сенімнің күш-қуатын, күрескер халықтың жеңіліс алдында да үнсіз сабыр сақтай білетін салмақтылығын осы арада алғаш рет аңғарған едім. Дәл осы жерде – әркім өзін қарапайым бұқарадан бөле қарамай, жұртпен бірге жұмыс істегенде ғана ұлы өзгерістер жасай алатынын сезінген едім», – деген болатын.
Сарапшылар Обама дүйсенбі күнгі кездесуде мүмкін президенттікке қош айтқан сәттегі сөздерін қайталап, көпшілікті шын мәнінде демократияның шынайы өмірде жоқ екенін ескерткен болар дейді.
Обама президенттіктен кетер шағында: «Егер сен әлеуметтік желіде отырып алып бейтаныс адамдармен салғыласудан шаршасаң, онда шынайы өмірде бар адамдармен араласудың дәмін тат», – деген болатын. Ол және Трампқа қаратып: «Егер бірер іске шешім қабылдауыңа тура келсе, аяқ киміңнің бауын берік байлап, бірқатар ұйымдастыру жұмысын істе. Ал сенің сайлап шыққан адамдарың үміттен шықпаса, «жарайды-ау» дегендердің атын тақтаға жазып, сайлап алуыңа болады. Қозғал, қимылда, әрі шыдай түс! Бірде жеңерсің, бірде жеңілерсің! Бірақ, көп жағдайда сенің АҚШ пен оның халқының жүрегіндегі сенімің орныға түседі»,– деген еді.
Ауд.: Әділет Ахмет
The Qazaq Times