19 тамыз АҚШ демократтары жалпы жиналысында өздерінің төрт жылдық ұлттық Конгресін қараша айындағы жалпы халықтық сайлауда сақтап қалыу үшін қолдан келгеннің бәрін жасамақ.
Демократтардың жалпы жиналысының үшінші күні зорлық-зомбылық, климаттың өзгеруі, иммиграция, әйелдер құқығы және экономика сияқты мәселелер қарастрылды, бұрынғы вице-президент Байден сайланса осы негізгі мәселелерді шешіп, АҚШ қоғамын жақсартады деп мәлімдеді.
Бұрынғы президент Обама демократтар жиналысында сөз сөйледі.Сегіз жыл бойы билікте болып, 2017 жылы қызметінен кеткен Обама өзінің із басары қазіргі президент Трампты мүлдем біліксіз деп сынға алды.
"Мен ешқашан менің ізбасарым менің саясатымды жалғастырады деп күткен емеспін, бірақ мен біздің ел үшін Трамп бұл жұмысты байыппен орындайды деп үміттендім, ол бұл жұмыстың салмағын сезінеді және басқаратын елдің демократиясына құрмет көрсетеді деп сендім, бірақ ол мұны жасамады", - деді Обала.
Сәрсенбіде Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында президент Трамп Обаманың айыптауларына жауап берді. "Президент Обама мен Байден қызметін дұрыс атқармады, сол себепті мен осындамын. Егер олар жақсы жұмыс істесе, мен мұнда болмас едім.Егер олар жақсы әрекет етсе, Мен мүлдем президенттікке үміткер болмас едім.”
Бұл жиналыстың алғашқы үш күнінде демократтар ішкі мәселелерге назар аударды, сыртқы саясат туралы аз сөз қозғалды және Қытай маселесі тілге алынбады.
Республикашылдар келесі аптадағы Ұлттық Конгресстің отырысында Қытай мәселесін басты назарға алады деп күтілуде.
Дүйсенбіде Трамп: "егер біз дұрыс таңдау жасамасақ, менің сөздерімді есіңізде сақтаңыз, қателескеніңізді тексеруге мүмкіндігіңіз болмайды, Қытай Америка Құрама Штаттарын толығымен жеңеді."
Сейсенбіде бұрынғы вице-президент Байден демократтар жиналысында ресми түрде ұсынылды және алдағы күндері АҚШ-тағы 2020 жылғы президенттік сайлауғда демократтар тарабынан бұл кандидатураны ресми түрде қабылдайды деп күтілуде.