АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілігі хабарлауынша Тәжікстанда 10 тамыздан бастап АҚШ қарулы күштерінің орталық басқармасы ұйымдастырған әскери жаттығу басталған. Бұл жөнінде Орталық Азия Жағалықтар қызметі жазды.
АҚШ-тың Тәжікстандағы елшісі Джон Марк Поммершайм 20 тамызға дейін жалғасатын "Аймақ ынтымақтастығы – 2022" әскери жаттығуына қатысушыларды жылы қарсы алды. Оның айтуынша, бұл АҚШ-тың Орталық Азия және Оңтүстік Азия елдерімен бірігіп өткізіп жатқан ең ірі жаттығуларының бірі. Бұл "аймақтағы әріптестерімізбен қарым-қатынасты нығайтуға бірегей мүмкіндік береді" деді ол.
Елшіліктің хабарлауынша, жыл сайын өтетін жаттығу аймақта тұрақтылықты қамтамасыз етуге, терроризммен күресуге, сонымен бірге мемлекеттер арасында ынтымақтастықты арттыруға ықпал етеді.
Елшіліктің мәліметінше, АҚШ, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан және Моңғолия елдерінен келген әскери қызметкерлер алты күн жаттығады. Тәжікстан мен АҚШ Фахрабад оқу орталығында бес күндік дала жаттығуын өткізеді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті