Кітапхана-ұлттың рухани қоры. Тарихпен білімның алтын ордасы. Сондықтан да жазушы Әбіш Кекілбаев; “Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын,” –десе керек.
Алғашқы кітапханалар қоғамдағы дінни мекемелердің қатарынан тіркелсе, алғашқы кітапханашылар – азаматтарға рухани қолайлықтарды, жазба мұраларды, тіпті ғаламдық картинаны сақтап жеткізуші абыздар болған. Ал біздің еліміз ең алғаш Отырар кітапханасымен мәшһұр болған. Әлемде екінші орынды иелеген Отырар кітапханасы туралы қытай саяхатшысы Лу-Цзин былай дейды: «Отырардың даңқы шарапханасымен емес, мейманханасымен емес, әйгілі кітапханасымен шықты».
Жалпы, Қазақстандағы кітапхана ісінің қалыптасу тарихына 200 жылға жуықтапты. Тұңғыш кітапхана 1831 жылы Орал қаласындағы әскери училище жанынан ашылса, 1858 жылы А. Д. Столыпинның бастамасымен көпшілік кітапханаға айналады. Содан бері қанша ғасыр өтседе, өз қызметін жалғастырып келе жатқан кітапханалар бүгінде аз емес.
Өткен ғасырларда кітапхананың маңызы зор болғаны барлығымызға мәлім. Бүгінгідей интернет немесе түрлі ақпарат құралдары болмаған сол замандара, кәдімгідей оқырман мәдениеті қалыптасып, олардан түрлі танымал тұлғалар шыққан. Сол кездердегі қандайда бір атақты адамдардың өміріне үңілсек, олар жас кезінде кітапті сүйіп оқыған немесе кітапханашы болған. Мәселен; Платон, Аристотель, Евклид, Еврипид тәрізді тұлғалар жеке кітапханалардың иесі болған.
Ал ғылыммен білім ұшқан құстай дамыған бүгінгі таңда, жас ұрпақтың жүрегін жаулаған интернет, оқырманды кітаптан алыстатып ғана қоймай, кітапхананың мағызын оқырманға ұмыттырғандай. Адам өмірінде әрбірінің өзіндік орыны бар қажеттіліктерді ескерер болсақ, Интернет, әлеуметтік желі күнделікті жаңалықтарды, қажетті ақпараттарды жылдам бөлісуге немесе қарауға қолайлы болғанымен, көркем әдебиетті көкейге түюде қолмен ұстап, көзбен көріп оқитын кітаптің адам жанына берер ләззәті мен әсерінің орнын баса алмақ емес.
Бүгінгі оқырман ойының жұтаңдығы соншалықты, әлеуметтік желілерде блогерлердің шетел методикасынан үзіп-жұлып алған “Баюдың жолы, өзіңді өзгерт, туп санаңды оят немесе қарыздан құтыл...” деген сияқты түрлі кеңестерін тыңдай сала, осы кітаптарды іздеп кітапханаға жүгіреді. Ал бізде казір ақында, жазушы да көп, аудармашы жоқ. Ондай кітаптардың отандық кітапханалар қорында ана тілімізде аудармасы санаулы ғана, бірнеше түрі орыс тілінде, бірен-саран ағыншын тілінде ғана бар.
Тегін тұрған көркем әдебиетімізбен мәдениетімізді, тарихымызды көзгеде ілмей, қаттап жыйнап қойып, өздері қарызға буылып жүріп, қып-қызыл ақшаға, шетелдің психологиялық, мативациялық немесе қаржылық сауаттарды ашатын кітаптарын сатып алып, содан өмңрлерін өзгертіп, керемет боп кеткендері де шамалы. Білген адамға, адам баласы рухани бай болғанда ғана нағыз байға айналатынын бүгінгі оқырман мойындауға құлқы жоқ. Рухани баюдың таптырмас дауасы өзіміздің көркем әдебиет екенін қайталап айтқым келеді.
Сонымен қатар, кейбір оқырман қауым оның ішінде билік өкілдері, тіпті зиялы қауым өкілдерінің өзі кітапханашыларға күтуші сияқты қарайтыны да қызық енді. Тым аянышты көзқарас. Шын мәнінде, кітапханашы – ғұлама ғалым, кітапханашы – философ, кітапханашы – тарихшы, кітапханашы – математик, кітапханашы – педагог, кітапханашы – ғалым, кітапханашы – жазушы, кітапханашы – елші, кітапханашы – премьер-министр, кітапханашы – президенттің жұбайы, кітапханашы – заңгер, кітапханашы – өнертанушы, кітапханашы – тәрбиеші, кітапханашы – IT маман. Бұған қарап, әмірші де, әнші де, ақын да, ағартушы да кітапханашы кәсібінің кілтін ұстағанына кәміл сеніңіз. Себебі, кітапханашылар күн ұзаққа сөреге тізілген кітаптарға қарап отырмайды. Олар қорды реттейді, тарихты таратады, руханиятты сақтайды, болашақты күзетеді.
Сөз соңында, болашақ үшін ғылымның орны қаншалық маңызды болса, кітаппен кітапханада соншалық маңызды болмақ. Діннің ордасы-мешіт болса, ғылымның ордасы- кітапхана болып саналады. Ендеше кітапхананы да назардан тыс қалдырмайық.
Талдықорған қаласы
Әмина АДАЙХАН