Бүгінде бүкіл әлемдік қауымдастық атап айтқанда сауда, ақпарат, білім және басқа да көптеген сала ХХІ ғасыр талабына сәйкес цифрлық жүйеге көшіп жатыр. Үшінші және төртінші өнеркәсіптік революция шарттарын қабылдаған , цифрландыруды меңгерген елдер ғана одан әрі тұрақты дамудың мүмкіндігіне ие. Бұл жағдайда Қазақстанды цифрландыру, электронды үкіметті дамыту, «digital» бизнесін әлемдік елдердің деңгейіне жеткізу, қолжетімді интернет, оған қоса шығармашыл жастардың осыған қатысты еркін ойы қажет екені анық.
Дегенмен депутаттар Д.Закиева мен А.Сарым әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әлі де болса көптеген сұрақ тудырып, күмән келтіреді. Осының бәрі Парламенттің төменгі палатасы 2021 жылы 15 қыркүйекте қабылдап, мақұлдаған Қазақстан Республикасының қолданыстағы «Ақпараттандыру туралы» және «Байланыс туралы» заңдарының өзгеруіне әсер етуі мүмкін.
Соның нәтижесінде қазақстандық шенеуніктер мен депутаттар Google, Twitter, Instagram, Facebook, Марк Цукерберг, Джек Дорси және де басқа компаниялардың басшыларына тікелей шыға алады. Яғни, сөйлесе алады.
Ұсыныстар мен тапсырмалар беріп, тіпті олардың Қазақстандағы қызметін жабылып қалу қаупі бар екенін ескертіп сес көрсете алады.
Ұсынылған өзгерістерге сәйкес, интернет-алпауыттар 2022 жылдың көктеміне дейін Қазақстандағы компанияларын толық заңды тіркеуден өткізіп, филиалдарын ашуы тиіс. Сонымен қатар, Қазақстанның талабы бойынша осы мекемелердің басшылары 24 сағат ішінде ел аумағында таратқан ақпарат пен хабарламаларды алып тастауы немесе шектеуі тиіс.
Елдегі цифрлық кеңістікті толығымен өзгертуге қазақстандықтардың Telegram, Twitter, Whats App-ты пайдалануына және қолжетімділігіне ықпал етуге қабілетті осындай байыпты заң қабылдау үшін осындай «салмақты» негіздеме қажет болды. Алайда, әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында бұған қатысты шенеуніктер мен парламент депутаттарының әрқилы пікірлерін кездестіруге болады. Олар көбіне кеңестік дәуірдің риторикасына қатты ұқсайды. Әрине, бұл таңқаларлық жағдай. Мұның бәрі көпшіліктің көптеген өтініштері бойынша қабылданды. Бұл мәселе азаматтық қоғамды алаңдатпай қоймайды .
Сондай -ақ, біз заңға түзету енгізу барысында өзге елдердің әлеуметтік желілердің жұмысын бақылауды мысалға аламыз. Әлбетте, әлеуметтік желілердің қызметін реттеу әрекеттері әлемнің әр түрлі елдерінде жүзеге асады.
Мәселен, алғашқы елдердің бірі болып Германия Федеративтік Республикасы әлеуметтік желілердің басшыларына, интернет –провайдерлерді мемлекеттік тіркеуден өтуге және кейбір жағдайларда қылмыстық заңға сәйкес келмейтін мазмұнды алып тастауға міндеттеді.
Германияның бұл жұмыс тәсілі бірден сұранысқа ие болды. Осы бағытта Ресейде, Филиппинде және Венесуэлада жұмыс істейтін мамандар әлеуметтік медианы шектеуд дәл соған сүйенеді. Германияны қазақстандық шенеуніктер мен депутаттар да мысалға алады. Ал ол мемлекеттің заңында интернет -компанияларды жабу туралы бір ауыз сөз жоқ екендігі, тек айыппұл туралы айтылатыны ұмытылып кеткен.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда әлеуметтік желілердің жұмысын реттеу немесе шектеу туралы заңды қабылдауға деген ұмтылыс бұрыннан бар. Әсіресе оны былтырдан бері депутаттар тынбай талқылап келеді. Яғни, әлеуметтік желілер мен цифрлық медианы реттеуге арналған заңнама назардан тыс қалған емес. Алайда бұған дейін мессенджерлердің жұмысын шектеуге негіз ретінде терроризм идеологиясымен, сепаратизмге шақырумен күресу қажеттілігі туралы риторика болған.
Енді әлеуметтік желілердің жұмысын шектеуге негіз ретінде Балалардың құқықтарын қорғау риторикасы қолданылады, өйткені" әлеуметтік желіден балалар маңызды". Әлбетте, Google, Twitter, Whats App-тың жұмысын талқылап, оны шектеу тіптен қисынға келмейді. Себебі, әлеуметтік желінің қазақстандықтарға көп көмегі тиді. Тіпті сүрінгендерге демеу болған кезі де болды. Алайда, қазір одан балаларды қорғау туралы көп айтылады. Ал, шын мәнінде, олардың өздерінің ата-аналары бар. Олар балаларына жауапкершілікпен қарап, іс-әрекетіне жауап беруі тиіс. Балалардың басты қорғаушылары шенеуніктер немесе белгілі бір партия атынан сайланған депутаттары емес, балалардың әке-шешелері болуы керек. Қазіргі уақытта әлемдегі жалпы жағдайды ескере отырып, шенеуніктер мен депутаттардың белсенділігінен кейін заңның қабылданатыны және одан кейін әлемдік интернет алпуыттарымен арадағы қарым-қатынас күрделене түсетіні белгілі болып тұр.
Жаңа заңның қауіптілігі әкімшілік шектеуде, әлеуметтік желіге айыппұл салынуда немесе аккаунттардың жойылуына байланысты емес. Қайта осы арқылы теріс заңдық үгіт -насихат функциясының пайда болуында. Елдің болашағы мен басты ресурсы болып табылатын Қазақстан жастарының психологиясын болжау қиын емес.
Жастар мен студенттер азаматтық қоғамның белсенді өкілдері ретінде ақпаратты тарату, өз пікірін жариялау, интернет мазмұнын құру, хабарлама алмасу, бір-біріне қатты айтылатын әзілдер мен сөздерді тыюды өздерінің құқықтарын шектеумен теңдей көреді. Сондықтан заңды мақұлдауы екіталлай.
Әзірге әлеуметтік желілердің жұмысын шектеудің соңы неге апарып соғары белгісіз. Дәл қазір әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен q-pop музыкасы кеңінен таралып жатыр. Бұл қазақ тілі мәртебесінің артуына, оның әлемде таралуына мүмкіндік берді.
Шындап келгенде қазақ тілі осы айтылған барлық мәселеден маңызды.
Мемлекеттік тіл туралы айтқанда әлеуметтік желінің қаупі де, депутаттар мен шенеуніктердің пікірлері де кейінге ысырылады.
Нарықтың, экономиканың және әлеуметтік саланың шындығы сол тұрғындардың дені өз бизнестерін осы әлеуметтік желілер арқылы дамытып отыр. Онсыз шаруаларының шалқымайтынын кәсіпкерлер де, қарапайым халық та жақсы біледі. Интернет-технологиялардың арқасында білім алу мен табыс табудың мүмкіндіктерін қолданады.
21 ғасырдағы жастарға қатысты кез-келген шектеулер тек кибербуллинг, интернет алаяқтық немесе Сириядан әкелінген адамдардың санымен ғана қойылмауы тиіс. Мұндай тыйымның психологиялық, экономикалық және стратегиялық салдарын біліп алған жөн. Қазақстаннан жыл сайын 30-40 000 азаматтың соның ішінде жастардың кетіп жатқандығы жағдайдың күрделене түскендігін байқатады.
Қорытындылай келе, заңнамаға енгізілетін жаңа түзетулерді депутаттық корпус толық қолдаған жағдайда іске асырылады деп сеніммен айтуға болады. Оның жақын арада болып қалуы да ғажап емес. Ал, Заңнама, әкімшілік шектеулер мен Қазақстандағы әлеуметтік желілердің, мессенджерлердің жұмысын бақылау әрекеттері одан әрі жалғаса беретінін күтуге болады. Өйткені, цифрландыру процесі ұлтшылдық, төзбеушілік, ұйымдасқан қылмыс пен оппозицияның жұмысын саясаттандырудың өсуіне қауіп төндіреді. Таяу болашақта цифрлық БАҚ, азаматтық қоғам, блогерлер басқаша әрекет етіп, әдеттерін өзгертуге мәжбүр болады.
Мұндай жағдайда заң жобасын тосудан басқа амал жоқ. Енді бар үміт шенеуніктер мен депутаттарда қалып отыр. Олар көптің тілегін, анығырақ айтқанда сұрауын қаперге алады деп сенейік.
Шәріп Ишмухамедов, A+Analytics