Түркияда Босфор бұғазына балама жол жасау XVI ғасырда Османлы императорлығы тұсында жоспарланған. Араға бірнеше ғасыр салып, биыл Қара теңіз бен Мәрмәр теңізін жалғайтын көпірдің іргетасы қаланды. Ұзындығы 45 км, тереңдігі 21 метр болатын көпірдің құрылысы «Ыстамбұл» мегажобасының аясында басталды. Ел билігі канал құрылысы Түркияның халықаралық саудадағы рөлін арттырады десе, екінші тарап көпірден туатын зиян көп деп санайды.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: «Бұл – әлемдегі ең ірі экологиялық жоба болмақ. Оның құрылысына шамамен 15 миллиард доллар жұмсалады. Құрылысты 6 жылда аяқтау көзделіп отыр», – деді. Ал түрік оппозиция өкілдері канал құрылысы экологияны бұзып, 16 миллиондық қаланы сумен қамтамасыз етуде қиындықтар тудырады дейді. Сондай-ақ ауыл шаруашылық жерлерін жарамсыз етеді.
Бірқатар үкіметтік емес ұйым канал құрылысына қарсы шығып, наразылық шеруін ұйымдастырған. Олардың пікірінше, канал құрылысы көптеген табиғи апатқа әкеп соғады дейді.
Жоба толығымен аяқталса, жасанды бұғаз Босфорға балама ретінде қолданылмақ. Сонымен қатар канал каналы Кучукчекмеже, Авжылар, Башакшехир және Арнавуткөй аудандары аумағынан өтеді. Аталған жоба туралы алғаш 90 жылдардың басында айтылған. Бірақ жоба құнының жоғары болуына байланысты құрылыс аяқсыз қалған. Ресми Анкара наурызда жаңа құрылыс жоспарын бекітіп, алты жылда іске қосылатынын мәлімдеді.
Әлемдегі жүктемесі ең көп теңіз жолдарының бірі – Босфор арқылы жыл сайын 43 мыңнан астам кеме өтеді. Бұл көрсеткіш халықаралық келісімдерге сәйкес 25 мың деңгейінде белгіленген.
Ел билігінің болжамына сәйкес, 2050 жылдан кейін Қара және Мармара теңіздері арасындағы кеме ағыны 78 мыңға жетеді. Бұл өз кезегінде жаңа теңіз артериясын құрудың маңыздылығын арттырады.
Екінші жағынан алып қарасақ, жаңа каналдың пайда болуы Босфор мен Дарданелл бұғаздарының мәртебесі туралы «Монтре» конвенциясына қайшы болуы мүмкін. Келісімде азаматтық кемелер түрік бұғазынан ақысыз өтетіні жазылған. Бірақ құжат Қара теңіз жағалауы мемлекеттерінің қатарына кірмейтін елдердің әскери кемелерінің мүмкіндігін шектейді.