Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес кейбір елдердің халықаралық нормаларды елемеуі әлемде химиялық және биологиялық шабуылдардың қаупін арттырады деп санайды.

The Times газетіне сұхбат берген саясаткер: «Жаһандық деңгейде химиялық және биологиялық шабуыл қаупі уақыт өткен сайын артып келеді. Химиялық қаруқ қолданатын елдер саны да артты», – дейді.

Оның айтуынша, террористік топтар мен химиялық қару-жарақ өндіріп, адамзатқа нұқсан келтіруді көздейтін мемлекеттер үшін ғаламтордың көмегі де жоғары. Сондай-ақ, биоинженерия мен синтетикалық биологиядан төнетін қауіп-қатер де жоғары.

2018 жылы 4 наурызда Ресей Федерациясы Барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипаль «Новичок» жүйке-сал ауруын тудырушы заттегі арқылы уланған болатын. Аса қауіпті химиялық қарудың Ресейде жасалынғаны анықталып, АҚШ пен Ұлыбритания бұл істе тікелей Ресейді айыптады.

2019 жылы Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым (Organisation for the Prohibition of Chemical Weapons - OPCW) химиялық шабуыл мен оларға қатысы бар адамдарды анықтайтын арнайы команда құрған. Аталған ұйымның құрылуына 126 делегаттың 99-ы қолдап, дауыс берген. Қарсы дауыс бергендер арасында Ресей, Қытай, Венесуэла мен Иран болды.

Халықаралық Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым 1997 жылы құрылған. 2013 жылы ұйым Нобель сыйлығымен марапатталған. Штаб пәтері Гаага қаласында (Нидерланды) орналасқан ұйымның басты мақсаты – химиялық қаруды қолдануға тыйым салу, оның қорын жою мен химиялық қарудан сақтану мақсатында әлем елдеріне көмек беру.

"The Qazaq Times"