Лондондағы «Саясат Биржасы» талдау орталығы ұйымдастырған іс-шарада қорғаныс министрі Бен Уоллес Ұлыбритания Қарулы Күштері үшін жаңа интеграцияланған операциялық тұжырымдама ұсынды (Integrated Operating Concept-2025). Британ Қорғаныс саласының өкілі Николас Картер авторитарлық мемлекеттердің Ұлыбритания мен жалпы Батыс елдеріне қарсы жүргізіп отырған «саяси соғыс» жағдайына дайын болу керектігін ескертті. Құжат, әсіресе, Қытай, Ресей, Иран, КХДР билігінің «саяси соғысына» қарсы бағытталған.
Тұжырымдаманың мәтінінде: «Саяси соғыс» стратегиясы қауіпсіздікті бұзуға, экономикалық, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты әлсіретуге, сондай-ақ әлемнің маңызды аймақтарындағы стратегиялық ұстанымдарымызға қол сұғуға бағытталған», – делінген. Сондай-ақ Ұлыбританияға «бейбітшілік пен соғысты ажыратпайтын» мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекеге түсу үшін әскери күш қолдану туралы жаңа доктрина қажет екендігі айтылды.
Елдің қауіпсіздігі, қорғаныс және сыртқы саясатына жан-жақты шолу жасауды қарашада Ұлыбритания үкіметі де тапсыруы керек. Премьер-министр Борис Джонсонның айтуынша, бұл құжат қырғи-қабақ соғыстан кейінгі корольдіктің сыртқы саяси стратегиясын қайта қарауға және авторитар мемлекеттердің саяси соғысына қарсы тұруға арналған.
Қорғаныс саласының өкілдері әзірлеген құжатта: «Ақпараттандыру және жеделдетілген технологиялық прогресс соғыс сипатын өзгертеді. Бейбітшілік пен соғыс, қоғамдық және жеке, сыртқы және ішкі саясат, сондай-ақ мемлекеттік «және» мемлекеттік емес ұйымдарға қарсы бағытталған саяси соғыс өте қауіпті», – деп тұжырымдайды авторлар. Олар кванттық компьютерлер мен жасанды интеллект технологиялары жетілдірілген сайын өзгеретін әдеттегі соғыс құралдары мен әдістерінің тез ескіргендігін айтты. Құжатта жаппай қырып-жоюдың кибернетикалық және электромагниттік қаруының пайда болу мүмкіндігі және «индустриялық дәуір құралдарынан ақпараттық дәуір жүйелеріне» көшу қажеттілігі де баса айтылған.
Әдеттегі айыптаулар
Ақпараттық және кибер соғыс тәсілдерін, сондай-ақ басқа да «әскери емес және әскери құралдарды» өз мақсаттарына жету үшін, ашық әскери қарсыластықты болдырмай белсенді қолданған елдер қатарында Иран, Қытай, Солтүстік Корея және Ресей бар. Қауіптің тағы бір көзі – экстремизм.
Ұлыбритания өкілдері сөзінде Ресей Украинаға және Химиялық қаруға тыйым салу ұйымына қарсы кибершабуылдар жасап, компраттар мен вакциналардың қауіптілігі туралы жалған ақпараттар таратады; Африкадағы ықпалын арттыру үшін жеке әскери компанияларды белсенді пайдаланатынын айтты. Ресей, мұнымен қоса, Украина мен Сүрияда әскери жаттығу өткізіп, сарбаздарын дайындап келеді.
Жаңа тәсіл
Генерал Картердің пікірінше, жаңа стратегиялық контекст Ұлыбританияны «саяси ойлау тәсілін түбегейлі қайта қарастыруға» мәжбүр етеді. Потенциалды қарсыласты тежеу элементі ретінде: шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты арттыру, Ұлыбританияның шет елдердегі әскери күштерін нығайту, сондай-ақ ашық әскери қарсыластыққа жол бермей, әскери операцияларға қатысуды күшейту ұсынылған.
Құжат «операциялар жүргізу» ұғымын кеңейтуді және оны «соғыстар жүргізу» ұғымынан бөлуді көздейді. Сондай-ақ құқықтық, этикалық және моральдық базаны жаңартуды қажеттігі айтылады. Демократиялық құндылықтарға нұқсан келтірмеу үшін «соғыс ережелері, конвенциялары мен хаттамалары» бойынша әрекет ету де айтылды.
Интеграция және модернизация
Бәсекелестіктен басқа, жаңа тұжырымдаманың маңызды элементі – құрлық әскерлерінің, әскери-теңіз күштерінің, әуе күштерінің, ғарыштық және кибер күштердің терең интеграциясы, сондай-ақ одақтас күштермен өзара әрекеттесудің күшеюі. НАТО мемлекеттерімен де, альянсқа кірмейтін елдермен де өзара іс-қимылды күшейту де жоспарланған.
Жаңа тұжырымдаманың үшінші және соңғы негізгі құрамдас бөлігі – 2030 жылдан кейін Ұлыбританияның қорғаныс қабілетін ұзақ мерзімді жаңғырту. «Саяси және стратегиялық мүмкіндіктерді кеңейту үшін» қару-жарақты жетілдіру, салыстырмалы түрде әлсіз қорғалған, бірақ жылдам және жоғары мобильді техниканы пайдалану, арнайы технологияларды, электронды соғысты кеңінен қолдану және әскери операциялар кезінде ақпараттық ашықтық саясаты жоспарланған.