Ресей мен Украинаның әскерлері Донбасс аймағына топталып жатыр, алдағы уақытта аймақ қақтығыстың негізгі орталығына айналғалы тұр. Осы тұста Ресей президенті Владимир Путин сирек мәлімдемелерінің бірін жасап, өзінің тура шешім қабылдағанын және көздеген мақсатқа жетуге жақын екенін айтты.
«Бұл күнде Украинадағы Донбаста арнайы операцияға қатысып жатқан біздің офицерлер Донбас Халық Респуликасына көмек беріп, батырға тән әрекет етіп, заманауи ерекшеліктерге ие техниканың ең жаңа түрлерін қолданып жатқанын білеміз», – деген Путин сөзінде. Ол бұған қоса Ресейдің Украинадағы әскери мүддесі дұрыс екенін, әрі оның жүзеге асарына толықтай сенетінін жеткізген.
Ресей президентінің сөзінше, ең негізгі мақсаттары «Донбасс еліне көмек беру», осы мақсат бойынша ақпан айында Украинаға әскер кіргізбеуге амалсыз қалған екен. Ол және бұл шешімінің дұрыс болғанын қайталап өткен.
Путиннің мәлімдемесі қарсаңында Ресей күштері қоршауға алған Мариуполь қаласында химиялық қару қолданды деген әлі де анықталмаған ақпарат тарады. Қазіргі таңда Мариуполь қаласын «Азов» полкы Ресейдің қарулы күштеріне пәрменді соққы беріп жатыр. Химиялық шабуыл жасады деген мәліметті де осы «Азов» полкі алғаш болып мәлімдеді.
Аталған полктың мәліметіне сай, үстінен ресейлік дрон ұшып өткеннен кейін украиналық сарбаздардың басы айналып, тыныс алуы қиындаған. Бұл мәліметтен кейін Пентагон жағдайға жіті назар аударып отырғанын мәлімдеді. Ал, Британ билігі болса химиялық шабуыл жасалғаны анықталса Ресейді жауапқа тартанынын жеткізді.
Ресми Мәскеу бұл туралы ашық мәлімдеме жасамады. Украина президенті Зеленскйи болса Батыс елдеріне қарата мәлімдеме жасап, барлық шараларды қолдана отырып Ресейдің жаппай қырып-жоюшы қаруларды қолдануына шектеу қоюды сұрады.