Қытайда коронавирустың шығу тегін зерттеуге барған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары өткен айда 2 аптаға карантинге жабылды. 28 қаңтарда ғана карантиннен шыққан мамандар Уханьға, кейіннен осы қаладағы теңіз өнімдері базарына барды. Олардың мақсаты – коронавирустың шығу себебін анықтау. Алайда, зерттеушілердің әр қадамын Қытай билігі қатаң бақылап отыр.

Бейжің 2,1 миллион адамның өмірін қиған вирустың пайда болуын зерттегісі келген халықаралық топтың ұсынысын наразы күйде қабылдаған. Халықаралық ғалымдар тобына қойған талаптары үшін және түрлі болжамды алға тартып, айыптан жалтаруға тырысқаны үшін де Қытай сынға ұшырады.

Ухань вирусология институты 2003 жылы Қытайдан көптеген елдерге таралған SARS пандемиясынан бері жарқанаттар коронавирустарының генетикалық үлгілерінің кең мұрағатын сақтап отыр. ДДСҰ тобының мүшелері осы зертханалық журналдармен, мәліметтермен танысудан, кіші және аға зерттеушілермен кездесуден, сондай-ақ сынамаларды жинау, сақтау, талдау туралы қауіпсіздік хаттамаларын зертемек.

Осы аптада ұйым мамандары Уханьдағы «коронавирус тараған» базарға барды. Бірақ, сарапшылар Қытай үкіметі Хуанань базарын да толықтай санитарлық тазалаудан өткізгенін ескерсек, мұнда корнонавирустың қалай таралғаны туралы ақпарат жинау қиынға соғуы мүмкін дейді.

Уханің жаңа бөлігінде орналасқан Хуанань теңіз өнімдері базарында тірі құстардан бастап балық, бауырымен жорғалаушылар, тіптен жабайы аңдарға дейін сатылған. Бірақ 2019 жылы желтоқсанның соңғы апталарында вирустың өршуі туралы ескертулер күшейген кезде дәрігерлер алдымен жаңа заңдылыққа назар аударды – пациенттердің көпшілігі Хуанандағы теңіз өнімдері базарында жұмыс істеген. 31 желтоқсанда Ухань Денсаулық сақтау комиссиясы Бейжіңге алғашқы ресми есепті ұсынды. Келесі күні базар карантинге жабылды.

Базардағы адамдардан да, тірі жануарлардан да алынған COVID-19 сынамалары оң нәтиже бергенін ескеруіміз керек. Алайда Уханьдағы медицина мамандарының айтуынша, адамдар арасында коронавирустың ең бірінші жағдайы індет толық тарамай тұрып төрт апта бұрын анықталған. Қытай үкіметі ресми мәлімет ретінде ұсынған алғашқы дерек 1 желтоқсанда тіркелген.

"The Qazaq Times"