Ресейде коронавирустан қаза болғандар саны арт-артынан рекордтық көрсеткішті жаңалап жатыр. Өткен себіде елдегі Коронавируспен күрес жөніндегі штабы бір тәулік ішінде індеттен көз жұмғандар саны 1241 адамға жетіп жаңа рекордттық деңгейге жеткенін хабарлады.
Ресейде өткен бейсенбідегі індеттен қаза болғандар саны да жаңа рекордтқа жетіп, бір тәулік ішінде қаза болғандар саны 1235-ге жеткені туралы хабарланған еді. Індетке қарсы күрес қызметінің мәлімдеуінше тәулігіне 40 мыңға жуық адамнан індет анықталып жатыр. Бұл Ресейдегі індет жағдайының тым ауыр күйін көрсетіп береді.
Қазан айының соңында Ресейдегі күрт ауырласқан індет жағдайына байланысты мемлекет қараша айының алғашқы аптасында карантиндік шараны күшейтіп, жұмыс орындардың жұмысын тоқтатқан еді. Карантин кезінде індетке қарсы күрес мамандары жағдайды бақылауға алуға болатынын мәлімдеген.
Ресейдегі інтеттің жалпы жағдайы әлі де қауіпті деңгейде тұр. Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері елде 9 миллионнан астам адам індет жұқтырып, оның 254 мыңнан астамы көз жұмған.