Қырғызстанда алтыншы президенттің инаугурациясы өтіп жатыр. Бүгіннен бастап Садыр Жапаров ресми түрде Қырғызстан президенті қызметіне кірісті. Бірақ ел билігі бұл жолы шет мемлекеттердің басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін ұлықтау рәсіміне шақырудан бас тартқан.
Негізінен Жапаровтың ұлықтау рәсіміне Қазақстанның бірінші президенті, Ассамблеяның өмір бойғы төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев шақырылған. Алайда Назарбаевтың өзі шарада бой көрсетпеді. Оның құттықтау хатын рәсім кезінде Қазақстан халықтары ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев оқыды.
Шара мемлекеттік телеарнада тікелей эфирде көрсетілді. Ант мәтінін оқған соң Жапаровқа президенттің куәлігі мен төсбелгісі табыс етілді.
Рәсімге мемлекеттің бұрынғы басшылары Сооронбай Жээнбеков, 2021 жылғы сайлауға қатысқан парламенттің бұрынғы спикерлері, президенттікке кандидаттар, Парламент депутаттары, министрліктер басшылары, республикада аккредиттелген дипломаттар мен ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась қатысты.
Президентті инаугурациясы алғаш рет Мемлекеттік филармония ғимаратында өтті. Алдыңғы жылдары ол астананың оңтүстік шетінде орналасқан «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында, президенттің әкімшілік ғимаратында өтетін.
5-6 қазандағы оқиғалардан кейін Қырғызстанда жаңа үкімет жасақталып, оған Садыр Жапаров жетекшілік етіп келді. Дегенмен ол президенттік сайлауда жеңіске жеткендіктен, оның өкілеті тоқтатылды.
Биыл 10 қаңтарда Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы мен референдум өтті. Сол күні азаматтар президенттік басқару формасын таңдады. Мемлекет басшысы лауазымына 17 үміткер болды. ОСК ақпарат бойынша, деректерді өңдегеннен кейін Садыр Жапаров учаскелердің 79%-дан астам дауыс жинады. Сайлаушылардың 80%-дан астамы президенттік басқаруды қолдады.
Сайлаумен қатар, мұнда елдегі басқару формасы бойынша референдум өтті. Нәтижесінде Қырғызстан сайлаушылары президенттік басқару формасын қолдады. Бұл нұсқаны референдумда дауыс бергендердің 81%-ы мақұлдаған. Осылайша, Садыр Жапаров дағдарыста қалған Қырғызстан билігін қолына алды.
Пандемия, карантин және биліктің ауысуынан кейін ІЖӨ 8,1%-ға қысқарып, Қырғызстан экономикасы құлдырады. Сонымен бірге, елдің ең ірі несие берушісі Қытай қарыз бойынша төлемді тек 2020 жылға және қосымша сомаға кейінге қалдыруға келісті. Бұған дейін президенттікке үміткерлер арасында өткен екі дебатқа да Жаппаров қатысқан жоқ. Пікір сайыс барысында Садыр Жапаровтың Қытаймен астыртын байланысы бар болуы мүмкін деген ойдың ұшын Қанат Исаев ортаға тастағаны көп талқыға шоқ тастады. Ол бұған дейін «Қытай тыңшысы болуы мүмкін» делінген ЖК депутаты Әділ Жүнісұлы мен Садыр Жапаровтың байланысын жіті тексеру керек деген пікірін айтқан болатын.
Жаңа президенттің биографиясы
52 жастағы Садыр Жапаров – саясаткер, II дәрежелі мемлекеттік кеңесші, «Саясаттағы 10 жыл» (2015) кітабының авторы.
Ол 1991 жылы Қырғыз мемлекеттік дене шынықтыру институтын, 2006 жылы Қырғыз – Ресейдегі Б.Ельцин атындағы Славян университетінің заң факультетінде сырттай оқыған.
2012 жылдың 3 қазанында Садыр Жапаров «Ата-Жұрт» партиясының депутаттары Қамшыбек Тәшиев, Талант Мамытовпен бірге Бішкекте «Құмтор» алтын кен мәселесіне байланысты митинг ұйымдастырған.
2013 жылдың тамызында Қырғызстан Жоғарғы Сотының шешімімен Жапаров, Ташиев және Мамытов «билікті күшпен басып алуға әрекет еткені үшін» кінәлі деп танылып, бір жыл бес айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ үшеуі де депутаттық мандаттан шеттетілді. Бірақ сот залында босатылды. Кейіннен Жапаров төрт жыл бойы шетелде тұрды.
2017 жылғы 25 наурызда саясаткер Қырғызстанға оралғаннан кейін қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстің «кісі өлтіруге әрекет», «кепілге алу», «бұзақылық», «билік өкіліне зорлық-зомбылық ету» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
2017 жылы 2 тамызда Бішкектің Первомай аудандық соты оны бірнеше қылмыс жасағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырды. Сол жылы ол Қаракөлде өткен митинг кезінде Ыстықкөл облысындағы Үкіметтің өкілетті өкілі Эмиль Каптагаевті кепілге алғаны үшін кінәлі деп танылды. Кейін сот Жапаровтың жазасын 10 жылға дейін қысқартты.
2019 жылдың соңында экс-депутат Жапаров Республика президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш берді.
2020 жылы қазанның басында Қырғызстанда парламенттік сайлау нәтижелеріне қарсы жаппай наразылық акциялары басталды. 6 қазанға қараған түні Жапаров жазасын өтеп жатқан Шу облысындағы колониядан өз жақтастарымен босатылды. Сол күні Қырғызстанның Жоғарғы соты оның үкімін жойды.
14 қазанда Парламент депутаттары Садыр Жапаровты Қырғызстанның премьер-министрі етіп бекітті. Президент Сооронбай Жээнбеков Үкіметтің жаңа құрамын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Кабинеттің бұрынғы басшысы Кубатбек Боронов республикадағы ішкі саяси жағдайдың ушығуына байланысты өз еркімен қызметінен кетті.
15 қазанда президент Сооронбай Жээнбеков оппозицияның қысымымен отставкаға кетті. Конституцияға сәйкес, жаңа сайлау өткізілгенге дейін мемлекет басшысының міндеттерін парламент спикері атқаруы тиіс еді. Алайда спикер Қанатбек Исаев президенттің өкілеттігін премьер-министр Садыр Жапаровқа берді.
20 қазанда Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасы президентінің өкілеттігін орындауды қабылдау туралы» Жарлыққа қол қойды. Сол күні Қырғызстанның Жоғарғы соты оны 2012 жылы елдегі билікті басып алу әрекеті бойынша ақтады.
14 қарашада Жапаров Үкімет басшысының өкілеттігін уақытша тоқтату туралы шешім шығарды. Республика президентінің міндетін атқарушы болып Парламент спикері, Жапаровтың «сенімді серіктесі» Талант Мамытов тағайындалды.
Биыл 10 қаңтарда Садыр Жапаров Қырғызстан президенті болып сайланды. Орталық сайлау комитетінің мәліметінше, ол сайлаушылар дауысының 79,2% дауысын жинаған. Оның қарсыласы, «Бүтін Қырғызстан» партиясының төрағасы Адахан Мадумаровқа сайлаушылардың 6,79%-ы дауыс берді.