2020 жылы Британияның халық саны кескін қысқарып кетті. Демографиядағы мұндай жағдайы Екінші дүниежүзілік соғыстан бері болып көрмеген. Эксперттердің растауынша пандемия себебінен елден шамамен 1,3 млн адам шығып кеткен.
2004 жылы Шығыс Еуропадағы бірқатар өлкелер ЕО құрамына кіргеннен кейін Британияны көздей мыңдаған мигранттар ағылған болатын. Сол кездегі Британ Ұлттық статистика орталығы мигранттардың санын дәлме-дәл анықтап шығу мүмкін емес екенін айтқан. Эксперттердің сөзінше қазіргі жағдай да сондай, елден шығып кеткендердің санын анық айту қиын.
Британияда халық санының күрт қысқарып кеткені туралы Джонатан Портес мен Майкл О'Коннор атты экономистер өз зерттеу нәтижесін BBC-мен бөліскен екен. Оларзерттеулеріне сүйене отырып 2019 жылдың үшінші тоқсанынан 2020 жылға дейін елден 1,3 млн шамасындағы мигрант шығып кеткен болуы мүмкін деп көрсетті. Олардың есебінше, Лондон қаласының өзінен 700 мың адам шығып кеткен, бұл орталық қаланың 8 пайыз халқы кедеген сөз.
Аталған зерттеушілер мигранттар санының кескін қысқаруын пандемия салдарынан жұмыс орындарының қысқарып кетуімен түсіндіреді. Әсіресе, мигранттар көбірек жұмыс істейтін мейрамхана, туризм салалары карантиндік шектеулерден көп зардап шекті. Бұл жағдайдың жанама себептері қатарында көптеген жоғары оқу орындарының онлайн оқытуға өтуімен түсіндіруге де болады. Британияға білім іздеп баратын шетелдіктер алыс аралықты оқуға мәжбүр.
Мигранттар саны күрт қысқарқан орталық қала тек Лондон емес, Мәскеу де пандемия кезінде өзіндегі мигранттардың 40 пайызын жоғалтты. Бұл мәліметті былтыр қарашада Мәскеу қалалық үкімет ресми мәлімдеген болатын. Мәліметке сәйкес, салдарынан құрылыс және коммуналдық салалар зардап шеккен. Мәскеудегі мұндай жағдайды былтыр көктем және жаз айларында Ресей шекараларында қамалып қалған орта азиялық мигранттар мәселесінен-ақ салмақтауға болады.
РФ үкіметі таратқан бірқатар статистикалық мәліметтерден елдегі мигранттардың 54 пайызы жұмыссыз қалғанын немесе ақысыз еңбектермен күн көре бастағанын, 32 пайызы толықтай кіріс көздерінен айырылғанын біле аламыз. Кейбір зерттеулер нәтижесі Ресейдегі әлеуметтік топтар арасында мигранттардың індетке шалдығу көрсеткішінің жоғары екенін көруге болады.
Бұған дейін Батыс елдері, әсіресе Батыс Еуропа елдері миграция ағынынан алаңдап келген. Мигранттар ағымы ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп қараған. Алайда, Жаһандық індеттен кейін мигранттар ағыны экономикалық өсімге серпін беріп отыратынын көрсетті. Бұндай пікірді 2005 жылы Англия банкының жетекшісі Мервин Киң де айтқан екен. Эксперттердің айтуынша, алып шаһарлардың көп сандағы мигранттарды жоғалтуы қысқа мерзімді оң әсер бергендей көрінгенімен, экрномиканың ұзақ уақыттық даму мүддесіне кері әсер етпек.