10 қаңтардағы сайлау нәтижесіне сай, Садыр Жапаров Қырғызстанның президенті атанды және елдің басым көбі президенттік басқаруды қалайтыны белгілі болды. Елдегі өзге талапкерлер мен саяси топтардың келіспеуіне қарамастан бақылаушы ұйымдар сайлау нәтижесін мойындады. Оның сайлаудағы жеңісін Ауғанстан бастап, Қазақстан қостап, Өзбекстан, Ресей қатарлы елдер алғаш болып құттықтады. Сонымен, 52 жастағы Садыр Нұрғожаұлы саяси және экономикалық дағдарысқа батқан Қырғызстанды, оның үкіметін жетектемек. Алайда, Жапровтың жүгі жеңіл емес.
Садыр Жапаров елдің билігін ең ауыр кезеңде қолына алғанын сайлаудан кейінгі мәлімдемесінде айтқан болатын. Ел билігінің таратқан мәліметіне сай, былтыр желтоқсанға дейін Қырғызстанның сыртқы қарызы 5 млрд АҚШ долларына жақындады. Бір ғана 2020 жылы қырғыз экономикасы 12 пайызға кері шегінді, оған қоса елдің сыртқы қарыздары өсті. Қырғыз елі үшін бұл сыртқы несиелерді қайтарудың шекті мерзімі 2023 жылдан 2030 жылға дейін. Бұған қоса елде 669 млн доллар ішкі қарызы да бар.
Садыр Жапаров өзінің сайлаудан кейінгі мәлімдемесінде, көп жылдық экономикалық, саяси дағдарысты реттеуге бірер жыл уақыт аздық ететінін айтты. Ол алдағы уақыттарда азаматтардың тіптіде көбірек қолдауына сүйенетінін де айтып өткен. Сондай-ақ, бұл дағдарыстардан шығып кету үшін екі-үш жыл уақыт кететінін де ашық айтқан.
Қырғызстанда 6 млн айналасында халықтың 1,3 млн шамасындағы бөлегі төмен әлеуметтік шартта жасап жатқаны туралы мәліметтер бар. Ал, елдің Ұлттық статистика орталығы таратқан мәліметте, сыртқа кеткен еңбеккүштерден қаржы аударулар болмаса елдің отыз пайыз халқы кедейлікте өмір сүретіні де болжанған.
Ресейде 1 миллионға жуық қырғызстандық еңбек мигранты болып жасайды. Олардың Қырғызстанға аударған қаржысы елдің ішкі өнім құнының үштен біріне тең болады. Алайда, 2020 жылы осы сыртқа кеткен жұмысшылардан аударылатын қаражаттар қысқарып кеткен. Бұл қырғыз экономикасына ауыр соққы болып тиді.
Экономикалық дағдарыс өз алдында, Қырғызстан қазір терең саяси дағдарыста тұрған ел. Қазан айының бас шеніндегі бұлғақтан кейін Сауранбай Жәнібеков биліктен кетіп, елде легитимді билік қалмауға айналған. Егер Қырғыз конституциясына негізделгенде қазіргі Жоғары Кеңес құрамы да заңсыз отыр деуге болады. Осындай президент сайлау елді құқықтық нормаға түсіреді деп сенген. Президент сайлауы үлкен талассыз өтті дегенмен, алда констиуцияның өзгерісіне қатысты елдегі саяси топтар арасында үлкен талас-тартыс болуы да әбден мүмкін. Тіпті, кейбір саяси топтардың сайлаудан кейін тағы да наразылық шарасын ұйымдастырып, Садыр Жапаровқа қарсылығын білдірмек болып жатқанын жаңа президент өзі де растаған болатын.
Бұл жағдайларға қарап, Садыр Жапаров сайлауда басым көп дауыспен президент болғанымен, ол Қырғызстанды ең бір ауыр кезеңде басқарғалы отыр деуге болады. Оның алдында елді саяси-экономикалық дағдарыстан алып шығумен бірге, билікті бекемдеудің ауыр міндеті күтіп тұр. Кезекті сайлауға қатысты айтылған пікірлер өз алдына, сайлауда жеңген Жапаровта саяси топтарды біріктіру міндеті де тұр.