Бішкекте Ырыс Жекшеналиев атты коллеж студенті әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Жетім-Тау (Жетим-Тоо) кенішін қолдануға қарсылық білдергені үшін қамауға алынды.
14 тамыз күні 19 жастағы блогерді ІІМ тергеу бөлімінде 5 сағаттан астап уақыт жауап алып артынша Бішкек қалалық полициясының уақыттық ұстап абақтысына қамаған.
Қырғыздың ақпарат көздерінің хабарлауынша блогер өзінің Facebook парақшасында Қырғыз Ұлттық Қауіпсіздік Мемлекеттік комитетінің бұрынғы басшысы Әбділ Сегізбаевтің екі жылдың алдындағы ескі үндеуін жариялағаны үшін қамалған.
Қырғыз құқық қорғау органдары бұл пост туралы «Жаппай тәртіпсіздік» бабы бойынша іс қозғаған.
Бұған байланысты Қырғыз полициясы Әбділ Сегізбаевтің өзінен де жауап алған.
Соңғы кездері Нарындағы Жетім-Тау кенішіндегі темір рудасын игеру болмаса игермеу туралы қызыу талқыға ұласқан. Бұған президент Жапаров та өз пікірін білдіріп қазір бұл кеніштің пайдаланылмайтынын, жекенің қолына өтіп кетуі мүмкін деп жалған ақпарат тарқатқандарды қатаң жазаға тартуды күштік құрлымдарына міндеттеген.
Сондай-ақ Қырғыз президенті Жетім тауды игеру ойларында жоқтығын. Дей тұрғанмен кеніштің запас қорын анықтау үшін геологиялық жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Нарын мен Ыстықкөл облысытарының шекарасына орналасқан Жетім тау кеніші 1956 жылы ашылған. Запастағы қорында 3-10 млрд тонна аралығында темір рудасы бар деп болжанған.
Жақтастары Ырыс Жекшеналиевтің қамауын саяси қудалау деп санайды.
Тура осы секілді жағдайлар кешегі Кеңестің елдердің дерлігіне тән. Қазақстан, Беларусь, Түркіменстан, Өзбекстан секілді елдерде азаматтық қоғамның қалыптасуына күш салған немесе жүйеге қарсы шыққандарды қудалау ортақ әдіс тәсіліне айналған.
Н.Байтұрсын